Студенттер 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта флешмоб ұйымдастырды

Студенттер 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта флешмоб ұйымдастырды Сурет видеодан алынды

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта студенттік флешмоб өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


300-ге жуық студент Мәңгілік алау алдындағы алаңға шығып, осы бастаманы жүзеге асырудың маңызын атады. Мұндай іс-шараларды өткізу адамдардың қоршаған ортаға деген қамқорлығын арттырады, табиғатқа аялауға шақырады. 


Флешмоб соңында студенттер саябақ аумағын қоқыстан тазартты.


Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.


Толық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.


Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47