AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / "Stem – педагог": республикалық байқауда үздік мұғ...

"Stem – педагог": республикалық байқауда үздік мұғалімдер анықталды

Білім және ғылым 15.12.2025, 14:57 899
"Stem – педагог": республикалық байқауда үздік мұғалімдер анықталды
сурет: «Өрлеу» БАҰО» баспасөзінен

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты» 2025 жылғы 12 желтоқсанда орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «STEM – педагог» тақырыбындағы республикалық байқау өткізді.

Байқаудың миссиясы – педагогтердің тиімді әрі жаңашыл тәжірибесін қолдау және тарату арқылы білім беру сапасын арттыруға ықпал ету.

Республикалық байқаудың негізгі мақсаты – STEM-білім беру саласындағы педагогтердің инновациялық тәжірибесін анықтау, қолдау және насихаттау.

Жобаның талаптарына сәйкес, қатысушылар STEM әдіснамасының негізгі компоненттерін (ғылым, технология, инженерия, математика) қолдана отырып, инновациялық идеялар мен нақты практикалық нәтижелер ұсынды. Сондай-ақ оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық және технологиялық дағдыларын дамытуға, экологиялық, әлеуметтік және кәсіптік бағдар беруге ерекше назар аударылды.

Үздік STEM-педагогтердің тәжірибелері жинақталып, республика көлемінде таратылды.

Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 100-ден астам педагог қатысты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер төрт бағыт бойынша анықталып, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:

– І орын – 4 педагог;

– ІІ орын – 4 педагог;

– ІІІ орын – 4 педагог.

Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз.

Үздік жоба авторларының жұмыстары республикалық әдістемелік жинаққа енгізілетін болды. Осы байқау барысында жеңімпаз атанған ұстаздар қауымына  «Арман-ПВ» баспасы қолдау білдіріп, құнды кітаптарды сыйға тартты.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұғалімдер #өрлеу #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Бүгін 17:13

Алматы мен Лангкави арасындағы жаңа авиарейс ашылды

Бүгін 17:00

Moody's Қазақстан Республикасының «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты»

Бүгін 16:58

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Бүгін 16:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);