AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Статистика: соңғы бес жылда еліміздегі интернет-ал...

Статистика: соңғы бес жылда еліміздегі интернет-алаяқтық 10 есе өскен

Заң мен тəртіп 05.05.2022, 06:04 2,384
Статистика: соңғы бес жылда еліміздегі интернет-алаяқтық 10 есе өскен
Сурет: Inform.kz

Интернет-алаяқтық жиілеп барады


Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар қылмыскерлер онлайн-қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Бас прокуратура деректеріне әйкес, алаяқтар көбінесе, құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды. Уақыт өткен сайын алаяқтардың ақша жымқыру әдісі күрделеніп барады.


Алайда көп жағдайда алаяқтардың қасақана ойын іске асыруына азаматтардың өзі де кінәлі. Өйткені олар алаяқтардың жаңа әдістерін білмейді. Интернеттегі жарнамаға сеніп, оңай олжаға кенелемін деп, опық жеп қалады.


Бас прокуратура осындай қылмыстарды азайту үшін цифрлық технологияларды енгізуді, қолданыстағы нормативтік құжаттарды жетілдіруді, ІТ-бағдарламалар мен қосымшаларды әзірлеуді көздейтін арнайы Жол картасын әзірледі. Алаяқтардың құрбаны болған адамдардың оқиғалары және интернет-алаяқтар туралы фактілер БАҚ-та жарияланып тұрады.  Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының да, оның аумақтық бөлімшелерінде штат саны көбейді.


Онлайн несие алу тәртібін қатаңдату мақсатында биометрика және ЭЦҚ қолдану міндетті болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге заңсыз онлайн несиелер бойынша ақпарат алмасу туралы Меморандум жасалды. Бұл интернет алаяқтарына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызды бөлігі. Қазірдің өзінде алдын алу шаралары оң нәтижелерін беруде. Өткен жылмен салыстырғанда интернеттегі алаяқтық фактілерінің саны 7-ден 4,5 мыңға дейін (34%-ға) азайды.  808 (644) іс сотқа жолданды. Өңірлерде осындай іспен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды.


Мысалы, Шымкентте өздерін банк қызметкері ретінде таныстырған 5 адам қашықтан қол жеткізу бағдарламалары арқылы азаматтарға несие беріп, несие қаражатын иемденіп отырған.



"Ескертеміз, онлайн сауда жасайтын кезде күмәнді транзакциялардан бас тартыңыз! Банк картасының деректерін, шот номерін және қауіпсіздік кодын бөтен адамға бермеңіз! Банктердің күмәнді сілтемелерін ашпаңыз! Күмән туғызған сілтеме бойынша кіріп, ол жерге жеке мәліметтеріңізді енгізбеңіз! Танымайтын адамға ақша аудармаңыз! Егер банк картаңыздан ақшаны заңсыз алып қойса, дереу банкке немесе полицияға хабарласыңыз!" - дейді Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқтық #интернет #қылмыс #бас прокуратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Кеше 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);