конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Сталкинг – жаңа қауіп: Алматыда қалалық қауіпсізді...

Сталкинг – жаңа қауіп: Алматыда қалалық қауіпсіздік форумы өтті

Заң мен тəртіп 02.03.2026, 15:48 429
Сталкинг – жаңа қауіп: Алматыда қалалық қауіпсіздік форумы өтті
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында "Stop сталкинг" атты қалалық қауіпсіздік форумы ұйымдастырылды.

Аталған алаң сталкингке қарсы іс-қимыл мәселелеріне, жаңа құқықтық нормаларды іске асыру тетіктеріне және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы өзекті үрдістерге арналды, , – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сараптамалық кездесуге құқық қорғау органдарының, прокуратура мен сот жүйесінің өкілдері, білім беру ұйымдары, әлеуметтік қызметтер, психологтар және құқық қорғау қауымдастығының мүшелері қатысты. Қатысушылар заңнаманы қолдану тәжірибесін, мазасыз қудалаудың заманауи түрлерін, жәбірленушілерді қорғау механизмдерін және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін жан-жақты талқылады. Форум аясында нақты оқиғаларға негізделген кейстер қарастырылып, психологиялық қысымның алдын алу, азаматтардың құқықтық қорғану құралдары туралы хабардарлығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Алматы қаласы полиция департаменті профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы Жандос Кавлиев сталкинг фактілеріне дер кезінде әрекет етудің маңызын атап өтті.

– Сталкинг – жай ғана мазасыз назар емес, ол адамға елеулі салдар әкелуі мүмкін психологиялық қысымның бір түрі. Біздің міндет – құқық бұзушылық болғаннан кейін ғана әрекет ету емес, оның алдын алу. Арнайы құқықтық норманың енгізілуі полицияға азаматтарды ерте кезеңде қорғауға және қудалауды дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік береді, – деді Жандос Кавлиев.

Оның айтуынша, негізгі бағыттардың бірі – профилактика және азаматтарға көмекке жүгіну алгоритмдерін түсіндіру жұмыстары.

– Әрбір азамат жүйелі түрде жасалатын қорқыту, қудалау немесе қысым көрсету әрекеттері жауапсыз қалмауы тиіс екенін түсінуі қажет. Полиция жәбірленушілерді қорғауға және оларға кешенді көмек көрсету мақсатында әлеуметтік және құқық қорғау институттарымен тығыз өзара іс-қимыл жасауға дайын, – деп толықтырды ол.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және сталкинг фактілеріне ден қоюдың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Алматы қаласыфорум

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сталкинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Түрксіб ауданында жаңа қоғамдық кеңістік көркейтілді

Бүгін 16:01

Заң бұзғандарды видеоға түсіргендер сыйақы алады

Бүгін 15:21

Алматыда Орталық Азияның жас көшбасшылары жасанды интеллект және тұрақты даму саласындағы жобаларын таныстырды

Бүгін 15:17

Алматыда Абай күніне арналған викторина өтті

Бүгін 15:14

Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де IOAI 2026 олимпиадасында медальға ие болды

Бүгін 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);