AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі...

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Оқиға 03.04.2026, 17:03 198 Дина
СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Солтүстік Қазақстан облысында телефон алаяқтары екі зейнеткерді ірі көлемдегі қаражатынан айырмақ болған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алайда полицейлердің жедел әрекетінің арқасында 6 миллион теңгеге жуық ақша аударылмай, аман қалды,

Алғашқы оқиғада 75 жастағы әйел сауда орталығында банкомат арқылы "Анастасия есімді жиеніне" 1,5 миллион теңге аудармақ болған. Сол сәтте кезекшілікте жүрген полицейлер зейнеткердің алаяқтардың ықпалына түскенін байқап, оны тоқтатқан. Алайда әйел бастапқыда тәртіп сақшыларына сенбей, тіпті полиция бөлімшесіне жеткізілгеннен кейін де алаяқтармен байланысын үзбеген.

СҚО Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Милена Балацкаяның айтуынша, мұндай тәсіл алаяқтар арасында жиі кездеседі. Олар жәбірленушіні қоршаған ортасынан оқшаулап, өздерін ғана сенімді адам ретінде көрсетуге тырысады.

Көп ұзамай сол банкоматқа тағы бір әйел келіп, 4,5 миллион теңгені басқа есепшотқа аудармақ болған. Бірақ күтпеген жайт оның әрекетін тоқтатты. Телефон арқылы «ұлының» дауысын естіген әйел бірден күмәнданған. Кейін анықталғандай, оның ұлы бірнеше ай бұрын қайтыс болған.

Полиция мұндай алаяқтық схемаларда «қауіпсіз шот», «айна шот» секілді жалған ұғымдар жиі қолданылатынын ескертті. Мамандардың сөзінше, бейтаныс адамдар шұғыл түрде ақшаңызды басқа есепшотқа аударуды талап етсе немесе бұл жайында ешкімге айтпауын сұраса, бұл — алаяқтықтың айқын белгісі.

Тәртіп сақшылары мұндай жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, жақындарыңызға не полицияға хабарласуға кеңес береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);