конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Сот қазақстандыққа ішімдік ішуге және бұрынғы әйел...

Сот қазақстандыққа ішімдік ішуге және бұрынғы әйеліне қоңырау шалуға тыйым салды

Заң мен тəртіп 05.03.2026, 14:54 482 Дина
Сот қазақстандыққа ішімдік ішуге және бұрынғы әйеліне қоңырау шалуға тыйым салды
ЖИ

Ақмола облысындағы Сандықтау аудандық соты бұрынғы әйелін ұзақ уақыт бойы аңдып, мазасын алған ер адамға үкім шығарды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. Сот оны заңсыз қудалау (сталкинг) бойынша кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа міндеттеді.

Ақпаратқа сәйкес, ер адам 2025 жылдың маусымынан бері бұрынғы жұбайына маза бермеген: артынан аңдыған, үйі мен жұмысы маңында торуылдаған, қорлайтын хабарламалар жазған, терезеден сығалап қараған.

Өз қауіпсіздігі мен балалардың тыныштығына алаңдаған әйел полицияға арыз жазған. Кейін сталкингке қатысты іс сотқа жеткен.

Сотта айыпталушы кінәсін мойындады. Жәбірленуші тарап хат-хабардың скриншоттарын, аудиожазбаларды және бұған дейін экс-жұбайына қатысты қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін шығарылған сот актілерін дәлел ретінде ұсынған.

Іс материалдарын қараған сот ер адамды заңсыз қудалау фактісі бойынша кінәлі деп тауып, 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындаған және 6 айға мінез-құлқына арнайы талаптар қойған. Соған сәйкес оған бұрынғы жұбайын іздеуге, аңдуға, баруға, сөйлесуге, байланыс орнатуға тыйым салынды. Сонымен бірге алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолданбау міндеті жүктеліп, ай сайын профилактикалық әңгімеге келіп тұру талап етілген.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ қазақстандықтарға азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігі заңмен қорғалатынын, ал қайта-қайта мазалап, қудалау әрекеттері қылмыс саналатынын ескерткен. Қайталап қоңырау шалу, хабарлама жіберу, әлеуметтік желі арқылы аңду және адамның еркінен тыс қудалау сталкинг ретінде бағаланып, психологиялық әрі қауіпсіздік тұрғысынан зиян келтіретіні айтылған.

ҚР ҚК 115-1-бабына сәйкес, сталкинг үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #сталкинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Бүгін 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);