Елдің басты заңы ғасырлар бойы жиналған барлық құндылықтардан құралды
«Конституция» сөзі бізге латын тілінен келген, ол «құрылыс, құрылым» деген мағынаны білдіреді. Дегенмен қазақ халқы үшін жат емес. Конституционализм идеялары Қазақстанда ғасырлар қойнауынан бастау алады. XV-XVIII ғасырларда «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» және «Тауке ханның Жеті Жарғысы» секілді жарғылар құрастырылған, олар елдің қалыптасуында өз іздерін қалдырды. Елдің басты заңы ғасырлар бойы жиналған барлық құндылықтардан құралды. Конституция біздің Тәуелсіздігіміздің кепілі бола, бүгінгі күннің рухын және ата-бабаларымыздың даналығын өзіне тоғыстырған, ел аумағында тұрып жатқан барлық этностардың бірлігін және теңдігін бекітетін құжатқа айналды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында бүкіл халықтық референдумда қабылданды. Бұл күні мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып табылады. Елдің басты заңын қабылдауға алдымен ел тұрғындарымен Конституция жобасын кеңінен талдау өзек болды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының нормаларында конституциялық негіздері құрайтын негізгі ережелері және сот билігін жүзеге асырудың принциптері бекітілді. Елдің басты заңын қабылдағалы 24 жыл өтсе де, бастапқы принциптері өзгеріссіз қалады, нақты солардың негізінде және оларды орындау үшін заманауи реформалар жүргізіледі, олар заңдылықтың, адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғаны болуына, кейбір жағдайларда бар проблемалық сәттерді шұғыл, мобилді шешуге септігін тигізе, соттарға заманауи жағдайларға сәйкес болуына мүмкіндік береді. Сондықтан да конституциялық нормалардың мәні соттардың қызметті және әділ сотты жүзеге асыруы жолында аса маңызды.
Конституцияда сот билігі туралы тарау айырықша орынға ие, өйткені биліктердің бөлу принциптеріне сәйкес, сот билігін белгілеу - бұл азаматтардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттарын орындауды қамтамасыз ету.
Соттардың негізгі қызметі әділ соты жүзеге асыру болып табылатынын атап кету қажет. Әділ сот - заңдылықты, негізділікті және сот шешімдерінің жалпылай міндеттілігін қамтамасыз ететін тәртіпте азаматтық және қылмыстық істерді қарау бойынша сотпен жүзеге асырылатын мемлекеттік іс-әрекеттің түрі.
Бұнымен қоса сот билігі – қылмыстық, азаматтық және басқа заңмен анықталған сот өндірісі түрлері саласында бұзылған құқық туралы барлық істерді және дауларды қарау және шешуге бағытталған соттың билік өкілдігі, сонымен бірге сот актілері Қазақстан Республикасының аумағында жалпы міндеттілік сипатқа ие және ешқандай басқа билік немесе басқару органы немесе ұйым Конституциямен және заңдармен соттың өкілеттілігіне жатқызылатын өкілеттілікті жүзеге асыруға құқылы емес. Заң сонымен бірге мамандандырылған және төтенше соттардың мекемелеріне мүмкіндік бермейді.
Конституция (7-тарау) мемлекеттік билікті бөлуде, арналуы, қалыптасуы және іс-әрекетінің принциптері жүйесінде оның орнын анықтайтын сот билігінің конституциялық негіздерін анықтайды. Конституциялық норма «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың беделі туралы» Конституциялық заңмен нақтыланған.
Жоғарыда айтылып кеткендей, сот билігінің өзіне тән белгілері ол тек ғана арнайы мемлекеттің органдармен - соттармен сот отырыстарында азаматтық, қылмыстық және заңмен анықталған басқа істерді қарауы арқылы жүзеге асырылатындығында тұрады .
Атап айтқанда, конституциялық негіздер арасында келесі принциптер айқындалады:
- сот билігінің мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде орны;
- Жоғары Соттың нормативтік қаулыларын қолданыстағы құқықтың көздері ретінде бекіту;
- сот билігін белгілеу және жүзеге асыру формалары;
- соттар жүйесі;
- сот құрылысының және сот өндірісінің негіздерін құрайтын заңдарды қабылдау тәртібі;
- әділ сот принциптерінің жүйесі;
- судьялар қызметіне үміткерлерге қойылатын талаптар, судьялар корпусын қалыптастыру тәртібі;
- судьялардың құқықтық беделі.
Бүгінде бұл нормалар-принциптер биліктің сот тармағының қызмет етуі үшін негіз болып табылады, бұнымен қоса, оны әрі қарай қайта құрастыру үшін берік негізді құрайды. Олардың негізінде сот жүйесінің әрі қарай жетілдіру жүзеге асырылады. Сонымен, уақытпен шарттасқан қоғамның қажеттілігі және құқықтық мемлекеттің дамуы Конституцияға өзгертулер және толықтырулар енгізуге жетеледі, сол кезде 1998 жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң қабылданды. Бұл Заңмен жағдайларда және заңмен көзделген тәртіпте (Конституцияның 75-бабының 2-тармағы) қылмыстық істерді қарауға қатысуға тартылатын алқа билер соты бекітілді. Бұл арқылы қылмыстық әділ сот кәсіби судьялармен, сонымен бірге тартылған алқа билермен жүзеге асырылатыны анықталды.
Биліктерді бөлудің конституциялық принципі адамның және азаматтың құқықтарын және бостандықтарын бүкіл әлемдік қорғау кілтінде әрі қарайғы реформалардың қажеттілігін ұсынады. Сонымен, медиация рәсімін немесе дауларды балама реттеуді перспективті бағыттардың бірі ретінде көрсетуге болады. Ол судьялардың жұмыс жүктемесін азайтуға және қоғамдағы қақтығыстарды соттан тыс шешуге бағытталған. Сондықтан алдағы уақытта медиация өзекті болмақ.
Бағыттардың бірі сот процесінде жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Ақпараттық жаңашылдық сот өндірісін әрі қарай жетілдіруді көздеген. Аталған салада олардың дамуы екі жақты мәнге ие: олар азаматтардың әділ сотқа қол жетімділігін жеңілдетеді, ал екінші жағынан соттардың жұмысын жеңілдетеді, бюрократияның және қағазбастылықтың алдын алады. Жалпы алғанда ақпараттық технологияны дамыту әділ сотты жүзеге асырудың ашықтығына қол жеткізуге бағытталған. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуы кезінде электронды әділ сотты дамыту да өзекті және болашақта көз жетерлік болмақ.
Қазақстанда әділ сотты дамытудың және жетілдірудің осы және басқа өзекті бағыттары түбінде әрі қарай әділ сотты оңтайландыру, барлық азаматтарға әділ сотқа теңдей қол жетімдіктерін қамтамасыз ету үшін осындай жағдайлар құру, азаматтардың конституциялық құқықтарын, еркіндіктерін және заңды мүдделерін қорғау бойынша міндеттерді толық ауқымда орындауды мақсатын көздейді. Әділ сотты жүзеге асыру құқықтық және демократиялық мемлекеттің талаптарына жауап беруі, әлемдік сот тәжірибесінде халықаралық тәжірибенің алдыңғы жетістіктерін ескере, уақыттың үндеуін, қоғамның қажеттілігін уақытылы елеп-ескеруі тиіс.
Қазіргі заманғы қазақстандық сот жүйесі жетілу сатысында, әрі қарай судьялардың кәсіби деңгейін арттырумен, күшті және дербес сот билігін қалыптастыру, сот беделін және оған қоғамның сенімін қалыптастыру, қоғамның құқықтық санасын арттыру бойынша жұмыс жасау қажет.