Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Соңғы бір жыл ішінде Алматыдағы шетелдік студентте...

Соңғы бір жыл ішінде Алматыдағы шетелдік студенттердің саны 45%-дан асты

Білім және ғылым 06.01.2026, 14:16 375
Соңғы бір жыл ішінде Алматыдағы шетелдік студенттердің саны 45%-дан асты
Алматы әкімдігі

Алматының 35 жоғары оқу орнында 236,1 мың студент оқиды. Студенттердің елеулі бөлігі еліміздің басқа өңірлерінен келгендер және шетелдік азаматтар. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.

Қала өңірдегі ең ірі білім беру орталықтарының бірі. Көпұлтты студенттік орта алматылық жоғары оқу орындарына деген тұрақты қызығушылықты арттырып, қаланың білім беру экожүйесінің халықаралық сипатын күшейтіп отыр.

Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстанда 82 елден келген 26 мың шетелдік студент білім алған. Бұл елдегі студенттердің жалпы санының 4,4% - ы (606 мың адам). Шетелдік студенттердің елеулі бөлігі еліміздің ең ірі студенттік орталығы саналатын Алматыға тиесілі.

Шетелдік студенттердің басым көпшілігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқиды - 4,5 мың адам. Екінші орында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті. Мұнда 1,9 мың шетелдік студент білім алып жүр, оның ішінде 1,2 мың адам (63,2%) үнді этносының өкілдері.

Үздік үштік қатарында Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті бар. Аталған оқу орнында Түркіменстаннан келген 1,9 мың шетелдік студент білім алып жүр. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 1,8 мың шетелдік студент оқиды.

«Соңғы бір жылдың ішінде шетелдік студенттер саны 45%-дан астамға өсті (17,1 мыңнан 22,6 мыңға дейін, яғни 5,5 мыңға артты). Біздің жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингтердегі орнын нығайтып, халықаралық бағдарламаларды дамытып, жоғары сапалы заманауи білім беру ортасын қалыптастырып жатқаны біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келетін студенттердің қызығушылығын оятады», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Енді қаңғыған иттер жүрмейді". Мәжілісте бұралқы ит иелерінің жауапкершілігі қалай күшейтілетіні түсіндірілді

Бүгін 15:02

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20

Туризм Алматыға 110 млрд теңгеден астам табыс пен 200 млрд теңгеге жуық инвестиция әкелді

Бүгін 14:00

"Бір айдан бері ауруханада". Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

Бүгін 12:46

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика