AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «SMART BALA» жобасы аясында өткен «Өнертапқыштыққа...

«SMART BALA» жобасы аясында өткен «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» аудандық байқауы

Білім және ғылым 20.02.2026, 16:16 524 yakiya
«SMART BALA» жобасы аясында өткен «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» аудандық байқауы
Қалалық Білім басқармасы

2026 жылғы 16 ақпанда Алматы қаласы Әуезов ауданында «SMART BALA» жобасы аясында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты аудандық конкурс ұйымдастырылып өткізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған шара І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия базасында өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – білім алушылардың өнертапқыштық, инновациялық және ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларды жобалық-зерттеушілік қызметке тарту. Байқауға аудан мектептерінің 5–11 сынып оқушылары қатысып, өздерінің тың идеялары мен заманауи жобаларын ұсынды.

Қатысушылар ​экология және жасыл технологиялар ,тұрмыстық мақсаттағы пайдалы өнертабыстар,​әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар,робототехника және ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша бақ сынасты. Оқушылар күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуге бағытталған түрлі құрылғылар мен жобаларды ұсынып, шығармашылық ізденістерін көрсетті.

Конкурс екі кезең бойынша өткізілді. Алғашқы кезеңде ұсынылған жобалар сарапталып, үздік жұмыстар іріктелді. Қорытынды кезеңде қатысушылар өз жобаларын қазылар алқасы алдында қорғап, олардың өзектілігі, жаңашылдығы, практикалық маңызы және техникалық орындалу сапасы бағаланды.

Іс-шара барысында білім алушылар тек ғылыми ізденістерін көрсетіп қана қоймай, көпшілік алдында сөйлеу, өз жобасын дәлелдеу, сұрақтарға нақты жауап беру дағдыларын да жетілдірді.

Аудандық деңгейде ұйымдастырылған бұл байқау жас өнертапқыштардың әлеуетін арттырып, мектептер арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.  Үздік жобалар марапатталып мадақтамалар берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өнертапқыш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);