AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Скрининг: қазақстандықтар нені және қай жаста тегі...

Скрининг: қазақстандықтар нені және қай жаста тегін тексерте алады?

Медицина Бүгін 14:30 42
Скрининг: қазақстандықтар нені және қай жаста тегін тексерте алады?

Скрининг ауруды алғашқы белгілері пайда болғанға дейін ерте анықтауға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Көптеген аурулар бастапқы кезеңінде ешқандай белгілерсіз өтеді.

Скринингтен өтудің ерекшеліктері туралы Алматы қаласындағы «Құлагер» алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығының дәрігері Дариға Оналбекова айтып берді.

Кімдер тексеруден өтуі керек?

40 жастан 76 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін және глаукоманы ерте анықтау мақсатында тексеруден өтеді.

40-тан 76 жасқа дейінгі әйелдер сүт безі обырын анықтауға арналған скринингтен, ал 30-дан 74 жасқа дейінгі әйелдер жатыр мойны обырына скринингтен өтеді.

50-ден 76 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер колоректалды обырды анықтауға арналған скринингтен өте алады. 50–76 жастағы ер адамдар ми қан айналымы бұзылыстарын ерте анықтау мақсатында тексеруден өте алады.

В және С гепатиттеріне кімдер тексеріледі?

В және С вирустық гепатиттеріне тексеру белгілі бір тәуекел топтарына жүргізіледі. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, сондай-ақ гемодиализді қажет ететін, онкологиялық, гематологиялық, трансплантологиялық және басқа да бейінді бөлімшелерде ем қабылдайтын пациенттер бар.

Скринингке қалай жазылуға болады?

Скринингтен өту үшін өз емханаңыздың тіркеу бөліміне хабарласып, алдын ала жазылуға болады. Сондай-ақ емхананың call-орталығы немесе цифрлық сервистері арқылы жазылуға мүмкіндік бар. Көп жағдайда медицина қызметкерлерінің өздері пациенттерді тексеруге шақырады.

Онкологиялық скринингтер медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін жүргізіледі.

«Скринингтен өту үшін қызметкерге жұмыс орны мен жалақысы сақтала отырып, үш күнге дейін уақыт берілетінін атап өткен жөн. Ең бастысы – ауру белгілерінің пайда болуын күтпей, денсаулығыңызды уақытылы тексеруден өткізу», – деп қорытындылады Дариға Оналбекова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#скрининг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қауіп тобындағы жүкті әйелдерге арналған орталық ашылды

Бүгін 15:16

Алматы қаласында суды есепке алудың заманауи құралдарына көшу жеделдетілуде

Бүгін 14:50

Алматы қаласында суды үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау шаралары күшейтілуде

Бүгін 14:48

«Алматы Су» сумен жабдықтау және су бұру жүйесін цифрландыру мен автоматтандыруды жалғастыруда

Бүгін 14:45

«Алматы Су» қаланың инфрақұрылымын жаңғыртуды жалғастыруда

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);