AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Синтетиканың» аса ірі партиясы тәркіленді

«Синтетиканың» аса ірі партиясы тәркіленді

Заң мен тəртіп 25.01.2023, 08:57 1,023
«Синтетиканың» аса ірі партиясы тәркіленді
Сурет: Polisia.kz

Абай облысының полицейлері «синтетиканың» аса ірі партиясын өткізушіні ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Абай облысы ПД-ның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді. Сонымен қатар жалдамалы тұрғын үйді тінту барысында облыс орталығының 25 жастағы тұрғынынан ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 84 ZIP-пакет пен бір полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сондай-ақ пәтерде таразы, өлшеуіш қасық және есірткіні өлшеп орауға қажетті заттар табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 770 грамнан асатын мефедрон психотроптық заты екендігі анықталды. Бұл жағдайда тәркіленген есірткі құралдарының саны 1540 бір реттік дозадан асады, олардың қара нарықтағы құны 16 млн теңгені құрайды.



«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясымен 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #полицейлер #есірткі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);