AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Синоптиктер шілде айында ауа райы қандай болатынын...

Синоптиктер шілде айында ауа райы қандай болатынын айтты

Өмір-өзен 01.07.2022, 06:57 1,704
Синоптиктер шілде айында ауа райы қандай болатынын айтты
Сурет: Artfile.ru

Жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер болады.


«Қазгидромет» РМК синоптиктері шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Шілденің бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклондық белсенділік және атмосфералық фронттар әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер болады: Қазақстанның батыс облыстарында айдың басында, республиканың қалған бөлігінде шілденің бірінші онкүндігінің ортасында.



«Күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жауады, жел екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді. Осы кезеңде Солтүстік теңіздер аймағынан суық ауа массалары ығысып, республиканың солтүстік жартысында түнде температура фоны +5+13 градус, күндіз ауа температурасы +18+28 градустан +12+17 градусқа дейін төмендейді, республиканың оңтүстік жартысында түнде +20+25 градустан +12+20 градусқа дейін, күндіз +30+38 градустан +23+30 градусқа дейін аптап болады», - делінген хабарламада.



Шілденің бірінші онкүндігінің аяғы мен екінші онкүндігінің басында күн ысиды. Ауа температурасы күндіз көтеріледі:



  • республиканың оңтүстік-батыс жартысында +30+40 градусқа дейін,

  • солтүстікте, орталықта және шығыста +25+33 градусқа дейін.


Айдың ортасында Ресейдің еуропалық аумағы аймақтарынан келетін суық ауа массалары ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік және батыс облыстарында құмды дауыл тұрып, жел күшейеді.


«Айдың екінші жартысында ауа температурасы тұрақсыз болады деп күтіледі: республиканың оңтүстік жартысында түнде +15+20 градустан +18+25 градусқа дейін, күндіз +25+30 градустан +35+42 градусқа дейін, солтүстік жартысында түнде +10+15 градустан +15+20 градусқа дейін, күндіз +20+28 градустан +28+35 градусқа дейін», - делінген хабарламада.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазақстан #болжам #прогноз #погода
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);