ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ әлемді өзгертіп жатыр

ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ әлемді өзгертіп жатыр Асхат Қасенғалидің жеке мұрағатынан
Бурабайда «Ұлттық құрылтай» өтіп жатыр. Кеше һәм бүгін. Түрлі тақырып, сан түрлі ұсыныс, сан қырлы баяндама айтылуда. Қоғам белсенділері, заңгерлер, депутаттар және басқалары қатысуда. Президент те жиында сөз сөйлеп, баяндама жасады. Жалпы құрылтайды екіге бөліп қарастырса болады деп ойлаймын. Біріншісі идеология, руханият, мәдениетке қатысты тақырыптар айтылады, екіншісі экономика, әлеуметтік мәселе және басқа қамтылады. Президент өз баяндамасын сол рухани мәселеден бастады да, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты пікірін білдірді, ұсыныстарын айтты. Жалпы алдағы жылдарға бағытталған біршама бастамаларды іске асыру жайлы айтылды.
Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін 4 стратегиялық негізгі бағытқа кеңінен тоқталды. Олар: цифрландыру мен жасанды интеллект, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен мен адам капиталы.
Бұл жағы түсінікті деп ойлаймын. ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ әлемді өзгертіп жатыр ғой. Бізде цифрландыру жақсы деңгейде дамуда. Электронды үкімет те алдағы отыздықта. Енді бізге жасанды интеллект саласына ерекше көңіл бөлу керек. Себебі экономиканың дамуына тікелей әсерін тигізеді. Қазір әлемде ауыл шаруашылығынан бастап ғарышқа дейінгі технологияны ЖИ арқылы жасау, басқару жоспарланып жатыр. ЖИ-ді жан-жақты меңгерген мемлекеттер көп мәселені жылдам шеше алады. ЖИ дамыған елдердің ЖІӨ де тұрақты негізде өседі деген болжам айтылып жүр. Сол себепті де мемлекет осы салаға басымдық беру керек. «Скайнет» деп үркіп жүргендер де бар екен) Алайда Скайнеттен емес, керісінше осы салада көш соңында қалудан сескенгеніміз жөн болар.
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ арттыру деген өте маңызды әрине. Энергетика дегеніміз тек мұнай мен газ өндіру, көмір жағу ғана емес, жалпы түрлі энергияны дамыту ғой. Жел, күн, ядролық энергетика саласы дегендей. Жалпы инвесторлар қандай да бір елге келген сәтте, «энергияның тапшылығы жоқ па» деген сұрақты қояды. Келген инвестор энергияның жеткілікті болуын қалайтыны түсінікті. Салған қаржысы ақталуын қалайды, ол үшін зауыт, өнеркәсіп кешені және басқада тұрақты энергия болу қажет дегендей. Жалпы әлемде энергияның соңынан қуу кезеңі басталды дейді мамандар. Халық саны бір ғасырда 2 млрдтан 8 млрдқа жетті. Энергияны тұтынушылар саны артуда. Бізде де халықтың саны ақырындап артып келеді. Демек энергияны тұтыну да арта түсуде. Бұл бір ғана фактор.
АГРОӨНЕРКӘСІП саласын дамыту арқылы экономиканы әртараптандыруды жылдамдатуға болады. Қазір ішкі нарықты біршама қамтып отырмыз-ау, алайда географиялық мүмкіндігімізге қарай сыртқы нарыққа да белсенді шығуды қарастыру қажет. Әлбетте, ол үшін бұл саланы қолдауды арттыру және олқылықтарды жою маңызды.
Жоғарыда айтылған үшеудің де сапалы іске асуы АДАМ КАПИТАЛЫНА тікелей байланысты. Білімді, алғыр, дені сау әрі кәсіби мамандардың санын арттыру арқылы ғана оң нәтижеге тез қол жеткізуге болады.
Жалпы бүгін жақсы ұсыныстар айтылды. Біршама сандар да келтірілді. Салынатын мектеп, соғылатын медициналық кешендер, жөнделетін жолдарға да тоқталып өтті.
Мынаған тоқтала салайыншы. Теріс діни ағымдар жайлы бір емес, екі мәрте айтылып қалды.
«Ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келеді. Бұл – өте жақсы үрдіс. БЕТ-ЖҮЗДІ ТҰМШАЛАЙТЫН ҚАРА КИІМНЕН ГӨРІ ӨЗІМІЗДІҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІМІЗ ӘЛДЕҚАЙДА АРТЫҚ» деді бір сөзінде.
Екінші бір сөзінде: «ТЕРІС АҒЫМДАРҒА, ҚАЗАҚТЫҢ БОЛМЫСЫНА ЖАТ ИДЕОЛОГИЯЛАРҒА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ ҚАЖЕТ ЕКЕНІНЕ ЕШ КҮМӘН ЖОҚ. Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуға тиіс. Бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеп отыру өте маңызды» - дейді президент.
Жат ағымдар бойынша, теріс ағымдар бойынша заңды қатаңдату керектігі айтылып келе жатқанына біраз болды ғой. Деструктивті діни ағымдарды қатаң заңмен ғана тоқтатуға болады. Құрылтайда көтерілген мәселелердің кейін заңға айналып жатқанын көрдік. Тура осы теріс діни ағыммен күрес туралы ұсыныс заңға айналар деп ҮМІТТЕНЕМІН.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:32

21:23

21:19

21:10

20:59

20:55

20:47

17:45

16:57

16:45

15:22

15:15

14:49

14:18

14:04

14:02

13:50

13:31

12:38

11:49

11:29

11:14

10:51

10:38

10:13