Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шыршаны заңсыз кескендер 200 АЕК айыппұл төлейді

Шыршаны заңсыз кескендер 200 АЕК айыппұл төлейді

Әлеумет 22.12.2021, 06:23 1,272
Шыршаны заңсыз кескендер 200 АЕК айыппұл төлейді
astana.kz

Іле Алатауы мемлекеттік табиғи ұлттық паркіндегі шыршалар күні-түні күзетіледі


Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу мақсатында кезекшілік және патрульдік кесте әзірленді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Жаңа жыл қарсаңында мереке символы — шыршаны заңсыз отайтындардың қатары көбейеді. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми зерттеу жұмыстары және таулы агробиоәртүрлілік бөлім басшысы Салтанат Өсербаеваның айтуынша, жасыл желекті қорғау мақсатында Іле Алатауы паркінде кезекшілік кестесі құрылды. Парктің 14 бақылау-өткізу пунктінде тәулік бойы кезекшілік тұратын болды.



«Көп адам Жаңа жылды ісі аңқыған нағыз орман шыршасымен қарсы алғанды ұнатады. Бірақ орманшылар қылқан жапырақты ағашты кеспеуге шақырады. Жүздеген жыл бойы өсетін шырша ағаштарын бір сәтте отауға болмайды. Мәңгі жасыл ағаштарды ұрпағымызға да қалдыруымыз керек», - дейді ұлттық саябақ қызметкері.



Оның айтуынша, құқық бұзушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы бойынша жазаланады.



«Ағаштар мен бұталарды заңсыз кескендер 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 200 АЕК айыппұл төлейді. Елу тәулікке қамауға алу шарасы да қолданылады. Тіпті мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылуы мүмкін», - деп түсіндірді Салтанат Өсербаева.



Айта кетейік, жыл сайын ұлттық парк аумағында 0,2 гектар жерге Шренк шыршасының көшеттері отырғызылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаңажыл #шырша #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Корея президентінің арнайы өкілін қабылдады

Бүгін 15:32

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Бүгін 15:30

Алматыда тарихи матч: әуесқойлар мен алып клубтың кездесуі

Бүгін 15:26

"Енді қаңғыған иттер жүрмейді". Мәжілісте бұралқы ит иелерінің жауапкершілігі қалай күшейтілетіні түсіндірілді

Бүгін 15:02

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика