AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Шыңға» шығар жастар бар

«Шыңға» шығар жастар бар

Мәдениет 02.03.2023, 09:11 1,636 Досбол АТАЖАН
«Шыңға» шығар жастар бар
Суреттерді түсірген - Самат

Алматыда жаңа «Шың» студенттік театрының ашылу салтанаты өтті. Театр Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты жанындағы өнерге ұмтылған студент-жастардың бастамасымен ұйымдастырылып отыр.


Өнер, мәдениет және спорт институтының тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Гүлжазира Ахметова «Шың» театры студенттердің бастамасымен құрылғанын айтады.



– Былтыр бізде қоғам арасындағы әлеуметтік мәселелерді көтеру мақсатында фестиваль ұйымдастырылды. Сол кезде студенттер қойылым қойып, ары қарай өздерінің ынтасымен театр ашуды ұйғарған еді. Өткен күзде елордамыз Астанада өткен фестивальге барып келдік. Енді өнердің шыңына шығайық деген мақсатпен «Шың» атанған студенттер театрының ашылуына барынша қолдау танытып жатырмыз, – деді.




 Г.Ахметова «Сәби болғым келеді» қойылымы қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді көтеруге бағытталып, сценарийін оқу ордасының былтырғы түлегі Жұлдызай Мұхтардың жазғанын айтады.  



 -Жалпы, қойылымды сомдаған жастардың барлығы актерлік шеберлік курсынан дәріс алмаса да, ынталары өте жоғары. Декорациясын, сахналық киім үлгілерін студенттердің өздері дайындады. Спектакльдің айтар ойы анық – жастар арасында белең алып бара жатқан нашақорлық, жеңіл жүріске түсу сынды қоғамға жат өзекті мәселелерді көтеріп отыр, – деді Г.Ахметова.



Ал Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институтының 3-курс студенті, «Шың» театрының режиссері Айгерім Дәулет театрдың осы бір ғана қойылыммен тоқтап қалмай, басқа да  спектакльдерді қоюды жоспарлап отырғанын айтады.




-Біздің театр, негізінен, әлеуметтік тақырыптарды қозғайды. Студенттер қоғамның әртүрлі тақырыптарын еркін айта алатын халық қой. Сол себепті, өзіміз, студенттер болып, қоғамның басқа театрларда көрсетпейтін тұстарын көрсеткіміз келді. «Сәби болғым келеді» қойылымы бір адамның өмірі арқылы өмірде күнделікті орын алатын жемқорлық, алдау-арбау сынды өткір проблемаларды көтереді. Баспана тұрғызбас бұрын оның іргетасының мықтылығы қаншалықты маңызды болса, сәби кезінен балаға жылылық пен жақсы тәрбиенің соншалықты маңызды екенін  жеткізгіміз келеді. Сонымен қатар, «Бір дәурен бозбалалық» атты студенттеріміздің жазған спектаклі бар. Сәтін салса, келесі аптада сахналасақ па деп отырмыз, – дейді Айгерім Дәулет.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #театр #студенттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін 14:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);