AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ықти...

Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ықтимал жағдай тіркелді

Медицина 17.05.2022, 15:23 1,464 Almaty-akshamy
Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ықтимал жағдай тіркелді
Cурет: Ашық дереккөз

Қалада кене шағып  медициналық көмекке қаралған 284 адам тіркелді


16 мамыр күні Шымкент қаласында 1 «КҚГҚ ықтимал жағдайы» тіркелді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны  «Асқазан-ішек жолдарынан қан кету. Өткір ауыр ағымы» диагнозымен Облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жүгінген. Осы күні науқас «КҚГҚ ықтимал жағдай» диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.


Бүгінгі күнге науқастың жалпы жағдайы интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты ауыр дәрежеде. Науқас оқшауланып, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.  


Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды, оның ішінде 9 адам - медициналық қызметкерлер, барлығы  медициналық бақылауға алынды. Індеттің алдын алу мақсатында кешенді эпидемиологиялық, зоопаразитологиялық және ветеринарлық алдын алу іс шаралары тиісті мамандармен жалғасуда.


Шымкент қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз аймақтар қатарына жатады. Өткен жылы КҚГҚ-ның 2 жағдайы тіркелген.
Қалада кене шағып  медициналық көмекке қаралған 284 адам тіркелді (2021 жылдың ағымдағы мерзімінде – 94 адам), яғни өткен жылдың осы мерзімімін салыстырғанда кене шағу жағдайы 3 есеге өскен.


Осы ретте, Шымкент қаласында кенелердің көбеюінің және адамдар арасында КҚГҚ ауруының тіркелуінің алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатқанын еске саламыз.


КҚГҚ ауруының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және оның аумақтық басқармаларының мамандарымен тұрақты түрде санитариялық-ағартау және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.


Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – бұл вирус  қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.


Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық көріністері: инкубациялық кезең (ауру қоздырғышын жұқтырғаннан аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуына дейінгі мерзім)  1-14 күнге дейін созылады, бұл кезеңнің ұзақтығы вирусты жұқтыру жолына байланысты болады. 
Аурудың алғашқы  белгілері: дене қызуының кенеттен 39-40ᵒС-қа дейін  көтерілуі; қатты бас ауыруы; көздің қызаруы; бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қызарып, ісінуімен және мойын, арқа, белдің ауыруымен; лоқсу немесе құсу; іш ауыруы немесе өтуі; ауру одан әрі дамыған жағдайда: денеде бөртпелердің пайда болуы; мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан, асқазаннан қан кету белгілері; ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілерінің байқалуымен сипатталады.


Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қалай жұғады?
Негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасымалдаушы кене болып табылады. Адамның ауруды жұқтыруы жұқпаланған кенемен қатынаста немесе кене шаққан жағдайларда, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауырып жатқан науқас адамға күтім жасау кезінде науқастың қаны және ағза бөлінділері, сұйықтықтары арқылы және КҚГҚ қоздырғышымен залалданған медициналық құралдармен жанама байланыс арқылы жұғуы мүмкін.


Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы  ауруының алдын-алу:
- табиғи ошақ аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен үй жайларының аумағын кенеге қарсы залалсыздандыру;
- табиғи ошақтарда орналасқан тұрғындар малдарды күтіп қарағанда, қырқым кезінде кенелердің шабуылынан сақтану және кене қанымен жанасты болдырмау мақсатында жеке қорғану үшін арнайы киім кию қажет (қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу, жақсы қорғалған аяқ және бас киім, резіңке қолғап);
- табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті, жақсы қорғалған, резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию қажет. Денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңізге байқалмайтын орындарды (мойын, бастың шаш бөлігі, дененің артқы жағы, т.б.), бір-біріңіздің үстеріңізді мұқият қарап отыру қажет. Дененің ашық жерлеріне және киімге кенелердің шабуылынан қорғайтын немесе оны өлтіретін арнайы сақтану құралдарын қолдану қажет;
- кене шаққанда немесе кенемен жанаста болу арқылы аса қауіпті инфекцияны жұқтыру мүмкін болғандықтан, өзіңізді және өз жанұяңызды қорғау үшін міндетті түрде жеке басты қорғау, сақтану құралдарын пайдаланыңыз!


Кене шаққан немесе кенемен жанаста болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конго-Қырым #кене #шымкент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында бірлік күнін дәріптеген фестиваль өтті

Бүгін 14:29

Бірлік бар жерде - тірлік бар: Алмалы ауданы бірлік күнін Сайранның жағасында қарсы алды

Бүгін 14:25

Алматының Әуезов ауданы халық бірлігі мерекесін қалай атап өтті

Бүгін 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика