AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Шымкентте бір подъездегі үш пәтерден төрт адамның...

Шымкентте бір подъездегі үш пәтерден төрт адамның мәйіті табылды

Оқиға 05.03.2026, 09:06 484
Шымкентте бір подъездегі үш пәтерден төрт адамның мәйіті табылды

Шымкенттегі көпқабатты үйдің бір подъезінде орналасқан үш пәтерден төрт адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдай газдан уланумен байланысты болуы мүмкін.

Қайғылы оқиға 3 наурызда күндіз Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Студенттік қалашық шағынауданында болған. Алдын ала дерекке сәйкес, бір подъездегі үш пәтерде төрт адам көз жұмған.

Көршілер бірнеше күн бойы газдың өткір иісі сезілгенін айтады. Олардың сөзінше, бір пәтерден 31 жастағы әйел мен 16 жастағы жасөспірім қыздың мәйіті табылған. Екінші қабаттағы тағы бір пәтерден 23 жастағы жігіттің жансыз денесі анықталған. Ал үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде 20 жастағы студент қыздың көз жұмғаны белгілі болды. Пәтер иесінің айтуынша, бойжеткеннің денесі жуынатын бөлмеден табылған.

Подъезд тұрғыны Ислам Файзуллаевтың мәлімдеуінше, алдымен студент қыздың денесі анықталған. Оның айтуынша, пәтер иесі келгенде жуынатын бөлменің есігі іштен құлыптаулы тұрған, есік ашылғаннан кейін бойжеткеннің жуыну кезінде көз жұмғаны белгілі болған. Оқиғадан соң учаскелік полиция шақырылып, тұрғындар сыртқа шығарылған. Кейін құтқарушылар басқа пәтерлердің есіктерін ашып, тағы бірнеше мәйіт тапқан.

Қазір полиция адам өліміне әкеліп соққан қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Газ қызметі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ЭКСЖ ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев жобалық кеңсенің отырысын өткізді

Бүгін 19:45

МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІНІҢ ЕКІ МҰҒАЛІМІНЕ СУ ЖАҢА АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін 19:33

Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты

Бүгін 19:10

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды  

Бүгін 19:06

МЭКС ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев жобалық кеңсенің отырысын өткізді

Бүгін 19:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);