AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Шымкентте «Алаш арыстары» ескерткіші ашылды

Шымкентте «Алаш арыстары» ескерткіші ашылды

Оқиға 18.12.2021, 10:38 1,521 Almaty-akshamy
Шымкентте «Алаш арыстары» ескерткіші ашылды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Мүсіндердің биіктігі - орташа есеппен 210 см


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласында «Алаш арыстары» ескерткішінің салтанаты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, «Алаш арыстары» ескерткішінің идея авторы Бекет Тұрғараев, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт, көрнекті ақын Ханбибі Есенқарақызы  және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.


Қала әкімі көпшілікті ескерткіштің ашылуымен құттықтап, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.




«Күні кеше отандастарымыз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін сән-салтанатымен атап өтті. Болашағын баянды еткен мемлекет, өз тарихын айрықша қастерлеп, дара тұлғаларын, ел болып еңсе көтеруге қызмет еткен асыл азаматтарын ерекше құрметке бөлейді. Уақыт озған сайын ұлт азаттығы үшін аянбай күрескен Алаш қайраткерлерінің даналығын, даралығын, кемеңгерлігін айқын сезініп келеміз. Олардың өмір жолы біз үшін, болашақ ұрпақ үшін – тағылым алар тәрбие. Мұндай кешендер – жастарымызды отаншылдыққа тәрбиелеп, өз еліне, жеріне, өткені мен болашағына деген сый-құрметті қалыптастыру құралы деп білеміз», - деді қала әкімі.



Композициялық мүсін Шымкент қаласының орталық саябағы аумағында орналасқан. Тұғыр гранитпен қапталған. Мүсіндердің биіктігі - орташа есеппен 210 см. Тұғырдың ұзындығы - шамамен алты метр, ені - шамамен үш метр. 
Жиыналғандар композициялық мүсінге гүл шоқтарын қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ескерткіш #Алаш арыстары #шымкент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);