ffin.kz

Шымкент қаласының жастары АЭС құрылысын қолдайды

Шымкент қаласының жастары АЭС құрылысын қолдайды amanatpartiasy.kz

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың өңірлерде халықпен кездесуі жалғасуда. Шымкент қаласында Штаб мүшелері атом электр станциясының артықшылығы туралы әңгімелесті.

Қала жастары атынан энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер кафедрасының PhD докторы Нұрсұлтан Файз, жас ғалым Исабек Әзімхан, жастар орталығының директоры Ақан Бесбаев, Студенттік парламенттің төрағасы Сабина Сағынтай АЭС салуды қолдау бойынша өз ой-пікірлерін білдірді.

Олар Қазақстанның жаһандық прогрестен тыс қалмауы қажет екенін атап өтіп, АЭС салудың маңыздылығына назар аударды. АЭС тек энергия көзі болумен шектелмей, еліміздегі ғылым мен технологияның дамуына серпін беретін ірі жоба болатынына сенім білдірді. Атом электр станциясының құрылысы мен жұмыс істеуі жастарға үлкен мүмкіндіктер тудыратынын, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары мен ғылыми зерттеулердің кеңеюіне жол ашатынын ерекше атап өтті.

Нұрсұлтан Файз өз сөзінде: «Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін бізге АЭС секілді ірі жобалар қажет. Бұл жоба тек энергиямен қамтамасыз етумен шектелмейді, сонымен қатар еліміздің ғылыми әлеуетін арттырады, жаңартылған технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Жастарға бұл жобада үлкен рөл беріледі, өйткені олар болашақтың мамандары, АЭС сынды жоғары технологиялық нысандарды басқаратын кадрлар болады», – деп атап өтті.

Исабек Әзімхан: «Атом энергетикасы ғылымның озық бағыттарының бірі болып табылады. АЭС салу елімізге әлемдік деңгейде жаңа технологиялар мен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Жастардың бұл салада өз үлесін қосуы өте маңызды. АЭС – бұл жаңа деңгейдегі ғылым мен техниканың тоғысуы, және біз, жастар, осы процестің ортасында болуымыз керек», – деді.

Ақан Бесбаев АЭС-тың жастарға беретін мүмкіндіктеріне тоқталып: «АЭС салу – бұл еліміздің болашағына жасалған инвестиция. Жаңа жұмыс орындары, жоғары жалақы және халықаралық деңгейдегі тәжірибе – бұл жастардың болашағы үшін өте маңызды. Біздің елде осындай ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы біз жастардың болашағына үлкен мүмкіндік ашамыз», – деп ойын жеткізді.

Сабина Сағынтай: «Біздер, студенттер, Қазақстанның болашағының жарқын болуына сенеміз. АЭС тек энергия беріп қана қоймайды, сонымен қатар ғылым мен технологияны дамытудың катализаторы болмақ. Осы себепті, біз алдағы референдумда бұл жобаны қолдаймыз және АЭС-тың еліміз үшін стратегиялық маңызға ие екендігіне сенімдіміз», – деді.

Жалпы, жастар АЭС салу арқылы еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізіп, ғылым мен технологияның жаңа деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік беретінін атап өтіп, бұл жобаны белсенді түрде қолдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43