AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Шымбұлақта серуендеп жүрген жас жігіт абайсызда са...

Шымбұлақта серуендеп жүрген жас жігіт абайсызда сайға құлап кетті

Оқиға 02.02.2023, 14:00 1,161 Almaty-akshamy
Шымбұлақта серуендеп жүрген жас жігіт абайсызда сайға құлап кетті
Сурет: Zakon.kz

Жәбірленушінің курьер болып жұмыс істейтіні белгілі болды.


Алматы қаласының полицейлері Шымбұлақта сайға құлап кеткен ер адамды аман алып қалды. Ол серуендеуге шыққан курьер болып жұмыс істейтін жігіт болып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Кешкі сағат жетілер шамасында “102” арнасына бір жігіт телефон соғып, тауда жүргенде сайға құлап кеткенін, өздігінен шыға алмай қалғанын хабарлады. Жас жігіт дереу ЖБО операторына өзінің орналасқан жерін жіберіп, ұялы телефонының қуаты таусылғалы тұрғанын айтты.



"Дабылды хабарға бірінші болып біздің әріптесіміз – полицей Әнуар Қашыбаев жауап берді. Бір минуттан кейін әріптесім, учаскелік аға инспектор – Дархан Сары екеуміз дер кезінде оқиға орнына жеттік. Іздеуді бастадық. Қараңғы болып кеткен кез, тек дыбыстарға мән бердік. Бір кезде төменнен көмек сұраған дауысты естідік. Сол жерге жақын маңда мопед тұрды. Ер адам абайсызда сайға құлап, шыршалардың бұтақтарынан ұстап қалғанын айтты. Жас жігіт үрей үстінде болды, қатты тоңып қалған. Біз оның қасына төменге түстік, жылыту үшін киімдерімізді үстіне жаптық, арнайы құтқару құралдарының көмегімен құлаған адамды жоғары қарай көтеріп алдық. Содан кейін оны ары қарай тексеру үшін ауруханаға жеткіздік, – дейді 83-УПП-нің учаскелік инспекторы Асхат Рысбеков.



Жәбірленушінің курьер болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Сол күні кешке тау ауасымен тыныстау үшін шатқалға шыққан. Алайда бұл серуен қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шымбұлақ #Құз #апат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);