ffin.kz

Шолпан-ата саммиті: Әлемдегі ең үлкен ойыншылар және аймақтың  тегеурінді, теңгерімді бағыты

Шолпан-ата саммиті: Әлемдегі ең үлкен ойыншылар және аймақтың  тегеурінді, теңгерімді бағыты inform.kz

Орталық Азия елдерінің басшылары мен Еуроодақ Кеңесінің төрағасы кеше, 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан- Ата қаласында ашылған екінші «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммитінде бас қосып, өзара ынтымақтастық бағдарларын талқылады. Сондай-ақ, әлемдегі қызып тұрған тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбітті. Байқасаңыздар, әлемдегі ең үлкен ойыншылардың бізді қамтыған аймақпен мүдделік қарым-қатынастары артты. Бұған дейін АҚШ пен Қытай да аймақ елдерімен 5+1 форматында бас қосқан болатын. Яғни жыл басынан бері бұл тұрғыдағы іс-қимылдар тіпті де жиілей түсті.


Міне, «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммитінің маңызы да осында. Стратегиялық бәсекелестіктің қарқынды ағыны мемлекетіміз бен қоғамға түрлі сұрақтардың жауабын табуға міндеттейді. Әсіресе, қоғам тарапынан күрделі жағдайда жасалып жатқан мемлекеттік қадамдарды дұрыс түсініп, әділ бағалау аса маңызды. Бұл ретте саяси салмағы үлкен осынау алқалы жиынға қатысты біздің сауалдарымызға орай сарапшыларымыз не дейді?



  1. Шолпан-Атадағы саммиттің, жалпы ОА – ЕО арасындағы қарым-қатынастың маңызы мен мәні неде? Саммит тақырыптарының басым бағыты қандай?

  2. Сыртқы ойыншылардың іс- қимылдарының артуы аймаққа қандай пайда әкеледі? Қазақстандық және аймақтық ұстаным қандай болуы керек? Өзге күштердің әрекеті аймақтағы Ресей ықпалын әлсірете ала ма?



Әлкей МАРҒҰЛАНҰЛЫ,


халықаралық қатынастар бойынша сарапшы:


КӨПВЕКТОРЛЫ САЯСАТ – ӨМІР ТАЛАБЫ





  1. 1. Еуропалық Одақ Орталық Азиямем лекеттерін географиялық орналасуы, мол энергетикалық ресурстары мен аймақтағы қауіпсіздікті қамт амасыз ету факторларын е скеріп, қатынастарды стратегиялық әріптестік деңгейінде дамытты. 2012 жылдан бастап Еуропалық Одақ аймақ елдеріне 120 миллиардтан аса инвестиция құйып, тікелей шетел инвестициясының 40 пайызын қамтамасыз етті. Бұл – саммиттің құрылуына объективті негіз.2022 жыл әлем үшін оңай жыл болмады. Ресей мен Украина арасындағы соғыстан кейін Орталық Азия мемлекеттеріне жаңа геосаяси және геоэкономикалық қатерлер пайда болғанын байқаймыз. Еуропаға сатылатын тауарлар мен қызмет түрлерін жеткізудің баламалы жолдарын табу, жаңа көлік дәліздерін дамыту – аймақ елдері үшін негізгі басымдыққа айналды. Дәліздердің ішінде аймақ елдері, Орталық дәліз атанып, әртараптандыру саясатында үлкен державалардың экономикалық мүддесіне қызмет ете отырып, өзінің де үлесін ала алады. Сол себепті, аталған кездесудің күн тәртібіндегі негізгі сұрақтар: энергетикалық және сауда ынтымақтастығы, аймақтағы жаңа қауіпсіздік сындары және көлік логистика мәселелері болады деген болжам бар.



  1. Бес елдің бірін-бірі қамтамасыз ететін табиғи ресурстар, солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа апаратын географиялық жолдар, ең бастысы аталған әлемдік державалардың сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мүдделерін қабылдайтын саясименеджмент, яғни мемлекет басшылары бар. Осы тұста әр мемлекетпен жеке келісімге келгеннен гөрі, бір келісім үстелінде бәрімен тең сөйлесіп, ортақ шешімге келу пайдалырақ болып отыр. АҚШ әр елдің тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына мән беріп, Ресейден тыс жеке дербес аймақ құруға ұмтылса, Қытай аймақты өзінің энергетикалық импортерлері, «Белбеу және жол» жаһандық стратегиясының бір торабы, Таяу Шығыс, Еуропаға шығатын көліктік хабы және Ауғанстаннан тарайтын діни экстремизм және терроризмнен қорғап тұратын аймағы ретінде көреді. Еуропалық Одақтың да сыртқы саяси және экономикалық мүдделері энергетика, климат және экология, әлеуметтік экономикалық даму салалары, бизнес орта мен кәсіпкерліктің реформалары мен адам құқықтары секілді гуманитарлық бағыттарға арналған.Аймақ елдеріне Ресеймен қатынас маңызды. Оны жоққа шығара алмаймыз. Бірақ дәл қазіргі жағдайда Ресей біздің елдер үшін көбінде «экономикалық тиімсіз» әріптес. Себебі, елдерге кіретін қомақты инвестиция Ресейге қарсы 11 пакет санкция жариялаған Еуропалық Одақ елдерінен келіп отыр. Әр санкция тек Ресей тауарларының сыртқы экспортқа шығу нарығын тарылтып қана қоймай, экономиканы, қаржы монетарлық жүйесін іштей әлсіретуді көздеп отыр. Осыны ескерсек, аймақ елдерінің сыртқы сауда әріптестерін әртараптандырудың мүмкіндігі туып отыр. Саяси және әскери, ақпараттық тұрғыда Ресейдің әсері әлі де қомақты. Бірақ экономикалық және ғылыми жаңалықтар жасап, оны өндіріске енгізуде Еуропа елдерінің, АҚШ пен Қытайдың үлесі жоғары. Сол себепті, Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары кімді таңдайтыны прагматикалық тұрғыда түсінікті деп ойлаймын. Қазақстанның сыртқы саясатта ұстанатын «көпвекторлы» саясаты теориялық тұрғыда әдемі сөз емес, тіршілік шындығынан туындаған өмір талабы екенін осыдан түсінуге болады.


Жұмабек САРАБЕКОВ, Әлемдік саясат және экономика институтының сарапшысы:


ӘРІПТЕСТІКТІҢ ҮШ БАҒЫТЫ




  1. Еуропалық одақпен Орталық Азия арасындағы әріптестік үш негізгі бағытта дамуда. Оның біріншісі – энергетика. Еуропа үшін қазір балама энергия көздері керек. Басты энергия экспорттаушы ел Ресей еді, Украинадағы дағдарысқа орай бұл байланыстар үзіліп жатыр. Осы тұрғыда Орталық Азия өзіндік рөл ойнауы мүмкін. Екіншісі – транзиттік бағытта, бұдан да Украинадағы соғыстың әсерін көруге болады. Еуропа үшін Қытаймен экономикалық байланыстар өте маңызды, әрі екі алып экономика арасындағы Ресей арқылы өтетін құрлық транзиті соғыстан кейін үлкен қиыншылықтарға ұшырады, бірден-бір алтернативті жол, ол – Транскаспий бағыты. Қазір тауар айналымын осы дәлізге бұруға деген қызығушылық оянып жатыр. Бұның өзі екі аймақ арасындағы әріптестікті күшейтуге алғы шарт. Үшіншіден, еуропалықтар 2021 ж ы л ы желтоқсанда Global Gatewa y бағдарламасын ұсынды, яғни «Жаһандық қақпа» жобасы. Соның аясында да тараптар ынтымақтастықты дамытып жатыр. Кезекті саммитте осы бағыттарға басымдық беріледі. Саяси тақырыптарына келсек, ол әрине, санкциялар мәселесі. Меніңше, бұл Еуропа үшін де, біз үшін де өте маңызды тақырып. Ерте ме, кеш пе санкциядан жалтарудың [Ресей жағынан, – Е.Б] салдары болады, қандай да бір ел немесе компания санкция құрсауында қалуы мүмкін. Менің ойымша, Еуропалық одақ біздің аймақ үшін көпвекторлық саясатта ажырамас бағыттың бірі.

  2. Аймақ түрлі стратегиялық қиыншылықтарға қарамастан, Ресеймен және Қытаймен шектеліп қана қалмай, көпвекторлы саясат жүргізуі керек. Еуропалық инвестициялар керек, қажетті сәтте Еуропаның саяси қолдауы керек дегендей. Еуропа мен АҚШ аймаққа контр-баланс тұрғысынан аса қажет. Қазақстан үшін айтқанда, тәуелсіздік жылдарында елге 370 миллиард көлемінде инвестиция келіп түскен. Соның жартысынан көбі Еуропаға тиесілі. Ұлттық банк мәліметіне қарасақ, 2005 жылдан бастап 162 миллиардтан астам инвестиция салған, бұл өте үлкен көрсеткіш. Экономикамыздың бүгінгі деңгейінде де мұның салымы жоғары. Қазіргі түрлі сыртқы күштердің қатысуында аймақ елдеріне келтіретін пайдасын айтқанда, біз үшін таңдаудың көбейетінін атай аламыз. Мысалға, цифрландыруды айтсақ, 5G технологиясы Қытайда бар, әрі оны Еуропа да ұсынып отыр. Біз қытайлық технологиялармен шектеліп қалмай, еуропалық баламаларын әкеле аламыз. Яғни бұл қауіпсіздік мәселесіне саяды.


Қауіп тұрғысынан, турасын айтқанда, Орталық Азия әлемге соншалықты өте маңызды саналмайды, біздің географиялық орналасуымыз, аймақтағы демографиялық көрсеткіштер салыстырмалы төмен. Қазіргі әлемнің басты назарында Азия – Тынық мұхит аймағы тұр, бүкіләлемдік экономика сол жақта. Қазіргі геосаяси маңызымыздың артуын уақытша деуге болады. Украинадағы қақтығыстың аясында бізге деген қызығушылық өсуде. Ол қандай қауіп туғызады десек, геосаяси конкуренция күшейген сайын, әрбір ойыншы өзінің мүддесіне зиян тиетін жағдайда қарсы қимылдар қабылдауы мүмкін. Мысалы, аймақтағы кей өзгерістерге Ресей мен Қытай дұрыс қарамауы мүмкін дегендей. Бұл енді аймақ үлкен бір қақтығыс нүктесіне айналып кетеді деген сөз емес. Аймақ елдері АҚШ, Еуропамен ынтымақтастықта көбінше экономикалық әріптестікке басымдық береді, бір тараппен келесі бір тарапқа бағытталған әскери базалар ашу деген секілді қарсылық әрекетіне барып жатқан жоқ. Яғни біздің де ұлттық мүддеміз бар, позициямыз түсінікті, Ресейге де, Қытайға да «Біз сендермен де жұмыс жасаймыз, бірақ басқа да әріптестеріміз бар» деген бағдар.


Ресейлік сарапшылар арасында АҚШ Еуропамен жақындасып кетсе, «аймақта түрлі-түсті революциялар болады» деген көзқарастар жиі айтылады. Біздің тұжырымдауымызша, міндетті түрде олай болуы керек емес, инвестиция, экономика бойынша басқа әріпбестерімізбен де қарым-қатынасты сақтап қаламыз. Аймақ соңғы 30 жыл ішінде осылай жұмыс жасап келеді.


Өзге ойыншылардың аймақтағы іс-қимылдарының артуы Ресейдің ықпалын әлсірете ала ма дегенге келсек, бұл мәселеге көп факторлар арқылы қарау керек дер едім. Ең алдымен, Ресей экономикасы алдағы уақытта қалай дамиды? Соғыс басталған кезде көптеген Батыс сарапшылары Ресейде үлкен дағдарыс болатынын болжаған еді. Бірақ бір жыл өткеннен кейін байқағанымыз, Ресей қатты бір ауыр дағдарысқа ұшырай қоймады. Десе де, алдағы уақытта қарқынды экономикалық өсім көрсетуі және екіталай. Демек, нәтиже елдің экономикасы, әскери қуаты қандай болады, миграциялық ағым қалай өзгереді деген түрлі факторларға қатысты болмақ. Егер Ресей Украинадағы соғыстан жеңілетін болса, бұл оның аймақтағы ғана емес, әлемдегі позицияларын әлсіретуге алып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43