AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Шетелдіктердің кейбіріне Қазақстанға кіру тәртібі...

Шетелдіктердің кейбіріне Қазақстанға кіру тәртібі оңтайланды

Заң мен тəртіп 20.04.2026, 08:52 231 yakiya
Шетелдіктердің кейбіріне Қазақстанға кіру тәртібі оңтайланды

Инвесторлар, бизнес өкілдері және өзге де шетел азаматтары үшін елге кіру, виза рәсімдеу және рұқсат құжаттарын алу тәртібін оңтайландырып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

"Бұл – инвесторлар мен кәсіпкерлер арнайы визалық режимдерді, өтінімдерді жедел қарау рәсімдерін, сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктерін пайдалана алады деген сөз.

Жеңілдетілген шарттар сұранысқа ие мамандықтар бойынша Қазақстанда жұмыс істеу үшін келетін шетел азаматтарына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қолдаухаты болған жағдайда экономикалық және әлеуметтік жобаларға қатысушыларға да қолжетімді", - делінген министрлік хабарламасында.

Осыған байланысты сұранысқа ие мамандықтар тізімінде ІТ саласына ерекше назар аударылған (жасанды интеллект инженері, ақпараттық жүйелер архитекторы, қосымша әзірлеуші, ақпараттық қауіпсіздік инженері және т.б.).

Сонымен қатар денсаулық сақтау (нейрохирург, гематолог, онколог, сәулелік диагностика дәрігері және т.б.), креативті индустрия (графикалық дизайнер, дыбыс режиссері, графикалық анимация технигі және т.б.), жаратылыстану ғылымдары, инженерлік және өңдеу салаларында да (фармацевтикалық өндіріс инженер-технологы, лазерлік жабдықтар инженері, бактериолог және т.б.) сұраныс жоғары.

Министрлік мәліметіне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан, Ресей Федерациясы) мүше мемлекеттердің азаматтары үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.

ЕАЭО аясында қатысушы елдердің азаматтары Қазақстан аумағында рұқсат құжаттарын алмай-ақ еркін жұмысқа орналасу құқығына ие. Бұл жұмыс күшінің жоғары мобильділігін қамтамасыз етіп, экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң әсерін тигізеді. Айта кету керек, дәл осындай қағидат бойынша қазақстандықтар да одаққа мүше елдерде еңбек етуде.

Одаққа мүше емес елдердің азаматтары үшін еңбек нарығының қажеттіліктері мен квоталау негізінде құрылған жұмыс күшін тарту жүйесі қолданылады. Бұл тәсіл экономика мүдделері мен ішкі еңбек нарығын қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Осылайша Қазақстан ашық әрі теңгерімді көші-қон саясатын қалыптастырып келеді.

2026 жылдың басынан бері сұранысқа ие мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 5,1 мың рұқсат берілді, ал еңбек иммигранттарына шамамен 75 мың рұқсат рәсімделді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын белгілеп, бөледі.

2026 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 23,6 мың адамды құрайды, ал еңбек иммигранттарын тарту квотасы 221,8 мың адам деңгейінде айқындалған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#виза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бүгін 12:50

"Жердегі Марста" алғаш рет Әнұран домбыра үнімен орындалды

Бүгін 11:40

Мемлекеттік рәміз – ұлтты ұйыстыратын құрал

Бүгін 11:11

Мемлекеттік туды балкон мен үйдің қасбетіне ілуге болады – алматылық сарапшылар заң талаптарын еске салып өтті

Бүгін 11:07

Алматылық спортшы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 10:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);