AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Шетелде тағылымдамадан өтетін ғалымдарды іріктеу ж...

Шетелде тағылымдамадан өтетін ғалымдарды іріктеу жалғасуда

Білім және ғылым 27.01.2023, 11:03 1,630
Шетелде тағылымдамадан өтетін ғалымдарды іріктеу жалғасуда
Сурет: Elorda.info

«500 ғалым» жобасы аясында шетелде тағылымдамадан өтетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр.



Өтінімдер 15 наурызға дейін қабылданады. Бұл бағдарлама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жыл сайын 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында бекітілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 



Жетекші мамандар мемлекет есебінен тағылымдамадан өтіп, әлемнің үздік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен салалық ұйымдарында бірлескен зерттеулер жүргізеді.



«Халықаралық бағдарламалар орталығы өтініштерді қабылдауды және ғалымдарды іріктеуді өткізеді. Былтыр біз ғалымдарды іріктеудің жаңа ережелерін әзірледік. Осының арқасында комиссия құрамына инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторлары енді», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.



Тағылымдамадан өтуге арналған ұйымдардың тізімі халықаралық академиялық рейтингтердің топ-250 позициясына кіретін 416 шетелдік жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу орталығы мен салалық ұйымды көздейді.


Олардың ішінде Принстон, Йель, Токио университеті, Лондон империялық колледжі, Корей озық технологиялар институты, Сингапур физикалық-химиялық зерттеулер институты, сондай-ақ ірі корпорациялар – Майкрософт, Эппл Инк, Тойота групп, Самсунг және т.б. секілді жетекші ЖОО мен зерттеу орталығы бар.


Мемлекет тағылымдамадан өтушілерге тағылымдамадан өту, ұшу, медициналық сақтандыру шығынын өтейді, сондай-ақ ай сайын стипендияны төлейді.


Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады, сондай-ақ 23 тамыз және 13 қазан аралығында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шетел #Ғалымдар #Іріктеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);