AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Балалар жылы / Шетел асқан қазақстандық балалардың жағдайы қалай?

Шетел асқан қазақстандық балалардың жағдайы қалай?

Балалар жылы 13.06.2022, 10:35 3,834
Шетел асқан қазақстандық балалардың жағдайы қалай?
Cурет: Qazaqstan.tv

Балалар жылына орай отандық дипломаттар шет мемлекеттердегі қаракөздеріміздің тұрмыс-тіршілігімен етене танысуға кірісті.


Еліміздің Бельгиядағы елшілігінің консулы Қазақстаннан бала асырап алу құқына ие бельгиялық агенттік өкілдерімен, асыранды балалармен кездесті.


Бельгияда қазір 400-ден астам қазақстандық балғын бар. Дені елдің Фландрия аймағында тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.


«Қазақтар келеді» дегенді естіп көппен бірге агенттікке алты жастағы Айдын да асығыпты. Қаракөзі мөлдіреп, тұлымшағы желбіреген ұлдың Өскемендегі балалар үйінен Бельгияға келгеніне биыл үш жыл. Құлағында мүкісі болғандықтан, көппен емін-жарқын әңгімелесуге қысылады-дейді анасы.



"Мектептің бірінші сыныбында оқиды. Жазуды, оқуды үйреніп жүр. Сыртта футбол ойнағанды, жүзгенді жақсы көреді. Біз оны асырап алу үшін Қазақстанда 15 апта болдық. Қазақстан қандай әдемі ел екенін айтып отырамыз. 10 жасқа толғанда туған жеріне апарамыз. Сонда өзін өмірге әкелген ата-анасымен кездесемін десе, қарсы емеспіз", - дейді Айдынның анасы Шарлотт Вандерхейах.



Айдын мен өзге де қазақстандық балғындардың бөтен елге бауыр басып кетуіне Салтанат көмектесіп жүр. Ол Бельгияға Қазақстаннан асырап алынған тұңғыш бала. Ата-анасы Аннеми мен Пол Семейдегі балалар үйінен әкеткенде 1,5 жаста еді. Биыл 23-ке толды. Университетті тәмәмдап, қазір «Әлеуметтік қызметкер»ретінде осы агенттікте жұмыс істеп жүр.



"2019 жылы туған жеріме бірінші рет сапарладым. Астана мен Алматыда, өзім дүниеге келген Семейдегі балалар үйінде болдым. Еліміз өте әдемі, табиғаты керемет, халқы тамаша. Өзіме ұқсаған адамдарды көріп қуандым. Асықпай саяхаттап, мәдениетімен танысу үшін жақында тағы да барамын. Туған анаммен кездескім келеді. Бірақ, ол туралы ақпарат аз. Таппай жүрмін. Егер сіздер оны іздеуге көмектессеңіздер, жақсы болар еді", - дейді Қазақстаннан асырап алынған тұңғыш қыз Салтанат Бертлс.



«Бельгиялықтар жәудіркөздерді жанынан артық бағалап, бар жағдайын жасап отыр»-дейді бала асырап алу агенттігінің жетекшісі Аннеми Пасхюйс. Осыған көз жеткізу үшін келген еліміздің Бельгиядағы елшілігінің консулы балаларға кәдесый тарту етті. Елден келген дәл осындай базарлықты дипломаттар жылдың соңына дейін Бельгиядағы барлық қазақстандық асыранды балаларға үлестірмек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шетел асқан балалар #асырап алушылар #балалардың жағдайы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);