AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамн...

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Әлеумет 04.03.2026, 21:25 314 yakiya
Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы
Алматы әкімдігі

Референдумды қолдауға арналған JAS STARS концерттік кеші барысында Шахислам Лайсханов сөз сөйледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ол алматылықтарды ел болашағына қатысты маңызды кезеңде бірлік танытуға шақырды. Оның айтуынша, бұл шара жай ғана концерт емес, қазіргі күрделі геосаяси ахуал жағдайында бейбітшілік пен тұрақтылықтың айқын көрінісі болды.

Спикер жас ғалым ретінде еліміздегі конституциялық өзгерістерді қолдайтынын жеткізді.
«Кез келген реформа – болашақ ұрпақ үшін жасалатын маңызды қадам», – деді ол.

Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында ғылымның рөлі айқын көрсетілгенін атап өтті. Оның сөзінше, ғылым мен инновация алғаш рет мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты ретінде қарастырылып отыр, бұл елді жаңғыртуға және қоғамды дамытуға серпін береді.

Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы бейбітшіліктің маңыздылығына ерекше тоқталды.

«Біздің басты құндылығымыз – бейбітшілік. Бейбітшілік бар жерде ғылым дамиды, білім өркендейді, экономика қарыштайды», – деп атап өтті ол. Сондықтан татулық пен бірлікті сақтау қоғам үшін басты басымдық болуы тиіс екенін айтты.

Сөз соңында спикер Хәкім Абайдың «Ақсақал айтты, бай айтты, кім айтса мейлі сол айтты, ақылменен жеңсеңіз» деген нақылын келтіріп, тұрғындарды 15 наурыз күні өтетін референдумға қатысып, ел болашағы үшін дұрыс әрі саналы таңдау жасауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум маңызы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);