AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Шаһарды қиратып, тонау күдігімен 1 678 адам ұстал...

Шаһарды қиратып, тонау күдігімен 1 678 адам ұсталды

Заң мен тəртіп 12.01.2022, 04:22 1,352
Шаһарды қиратып, тонау  күдігімен 1 678 адам ұсталды
Сурет: Еxk.kz

Алматыда өткен тәуілікте 14 қылмыс болды


Бұл туралы «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап



«Өткен тәулікте қаламызда 14 қылмыс болды. Оның бәрі ізі суылмай ашылды. Полиция жасақтары Алатау және Медеу аудандарында профилактикалық және іздестіру шараларын өткізді», - дейді Қанат Таймерденов.



Оның айтуынша, қалада сақтық шаралары барынша қолға алынды.



«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын сақтауға, заңдылықты орнатуға ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери жасақтар жұмылдырылды. Сақтық шаралары барынша қолға алынды», - дейді ол.



Елде дүрбелең тудырып, нысандарды қиратып, тонады деген күдікпен қазіргі уақытта 1 678 адам ұсталды.


Заңсыз айналымнан 36 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 476 оқ-дәрі тәркіленіп, Алматының шетінде орнлаласқан 5 блок-бекетте 38 адам ұсталды.


«102» пультіне 881 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 136 қоңырау қабылданды. Барлық хабарлама өңделді.


Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» заңына сәйкес, орындалуы тиіс бірқатар басты және уақытша шектеулер қарастырылған.



«Осы уақытта жасалған құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік едәуір қатаң болады. Мен Алматы қаласының коменданты ретінде азаматтарға сақтық шаралары жайлы үндеу жасаймын. Араңдатушыларға ермей, тек ресми дереккөздерден алынған ақпараттарды қолданыңыздар. Заң талаптарын қатаң сақтап, қолданылып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын», - дейді Қанат Таймерденов.



Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Алматыда коменданттық сағат енгізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шаһар #қирату #тонау #күдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);