"Шабыт" шығармашыл жастардың ХХVI Халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 10:29, 24 қараша 2025
"Шабыт" шығармашыл жастардың ХХVI Халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды Ұйымдастырушылар ұсынған сурет

Биыл 18-22 қараша аралығында Астана қаласында өткен "Шабыт" шығармашыл жастардың ХХVIІІ Халықаралық байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы байқауға Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерден келген 800-ден аса жас талант қатысып, шығармашылықтың түрлі бағыттары бойынша бақ сынады.

Байқау - дарынды жастарды қолдауды, олардың кәсіби дамуына жағдай жасауды, халықаралық мәдени байланыстарды кеңейтуді мақсат ететін еліміздегі ең ірі шығармашылық жоба. "Шабыт" жыл сайын жаңа есімдер ашып, өнер әлеміне жаңа серпін береді. Байқауының халықаралық қазылар алқасына Қытай, Ресей, Түркия, Италия, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің танымал музыканттары, өнер қайраткерлері мен салалық сарапшылары енді.

Фестиваль барысында қатысушылар байқау кезеңдеріне қатысты, тәжірибелі шетелдік және отандық мамандардан дәріс алды, шығармашылық лабораторияларда жұмыс істеді, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарламаларға қатысты.

2025 жылы "Шабыт" байқауы аясында қатысушылар үшін арнайы білім беру бағдарламасы ұйымдастырылды. Аптаның ішінде жас өнерпаздар белгілі композиторлар мен орындаушылардың музыкалық шеберлік сабақтарына, театр және кино саласының кәсіби режиссерлерінің актерлік шеберлік тренингтеріне, көркемөнер мамандарының шығармашылық зертханаларына қатысып, өз дағдыларын жетілдірді.

Бұл формат жас дарындарға танымал тұлғалардан тікелей кеңес алып, қабілеттерін шыңдауға үлкен мүмкіндік берді.

"Шабыт" - 2025 жеңімпаздары:

Камерлық хор

Гран при: Татарстан Республикасы Мемлекеттік камералық хоры

I орын: Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының қазақ камералық хоры

II орын: Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің "Аралас хоры"

III орын: "Алатау" жастар хоры

Хор дирижері

Гран при - Мусин Даурен

І орын - Сансызбай Ержан

ІІ орын - Есімханов Алмат

ІІІ орын-  Джан Джиан

Академиялық ән және концертмейстерлік шеберлік

Гран-При – Рахметова Фируза, Шынболат Аяжан

І орын – Аламанова Ляйла, Абдрахманова Динара

ІІ орын – Саматқызы Нұрсезім, Омаргазин Нұрсұлтан

ІІІ орын – Ерболатұлы Бекұлан, Ультараков Досым

Камерлық музыка

Гран-При – Алғи Ақбике, Узбеков Ильяс

І орын – Жакпарова Алия, Болатова Жания

ІІ орын – Акбергенов Нуркен, Бабаев Дияр

ІІІ орын – Нуржигитова Ася, Ғаббасова Айя, Абдрахманова Жанар, Джуматов Нурисламбек

Фольклорлық ансамбль

Гран-При – "Тарлан" этно ансамблі

І орын – "Түркістан" ансамблі

ІІ орын – "Достық сазы" фольклорлық ансамблі

ІІІ орын – "Тарту" фольклорлық ансамблі

Эстрадалық вокал

Гран-При – Трио Moonaisun

I орын: Трио MIYA3

II орын: Трио Altyn ún

III орын: Трио Эстрада

Бейнелеу өнері

I орын: Жургенов Алишер

II орын: Айтуарова Людмила

III орын: Кушерова Рыстыгуль

Поэзия

Гран при Дәурен Тілеухан

 І орын Оразай Жеңісұлы, Ділдә Уәлибекова

 ІІ орын Еламан Қабділәшім, Шапағат Әбдір

ІІІ орын Айзада Рахымжанова,  Серғазы Қайырболды

Креативті бағыт

Гран при Қамза Бөкейхан

I орын: Пивторак Никита, Мусина Мадина

II орын: Ергали Алия

III орын: Оспанова Карина, Кулушпаева Айдана, Ахметғали Ақнұр

Сыйақы қоры:

Гран-при — 3 000 000 тг

I орын — 1 000 000 тг

II орын — 750 000 тг

III орын — 500 000 тг

Байқаудың маңыздылығы. "Шабыт" 30 жылға жуық уақыт аралығында мыңдаған жас шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал етті. Олардың көпшілігі бүгінде еліміздің мәдениет және өнер саласының жетекші өкілдеріне, халықаралық сахналардың лауреаттарына, контент индустриясының кәсіби мамандарына айналды.

2025 жылғы фестиваль шығармашылықтың сан алуандығын, жас таланттардың шынайы әлеуетін тағы бір дәлелдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:56

10:47

10:29

10:13

10:10

10:04

09:57

09:47

09:33

09:25

09:14

08:46

08:33

17:45

16:53

16:16

15:39

15:11

14:36

14:05

12:13

12:02

11:45

11:24

10:41