Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты

Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты

Заң мен тəртіп 28.04.2023, 13:00 1,485
Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты
Сурет: Inform.kz

Ол өзінің айыпты емес екенін жеткізді.


Сот сағат 15:00 ге ауыстырылды. Сол кезде үкім шығады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Мен кінәлі емеспін. Халқыма оқ атпадым. Азаптау болмады. Тағылған айыптар сотта дәлелін таппады»,- деді Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.



Бүгін сағат 11:00-де өтуі тиіс сот отырысы бірнеше сағатқа кешігіп басталды. Серік Күдебаевты сот залына арнайы күзетпен жеткізді.


Түскі сағат 13:25-те сот отырысы басталды.


Процесс басталмас бұрын Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесін «елге өз еркімен келді» деген мәлімдеме жасаған болатын.


Айта кетейік, Серік Күдебаевқа билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және азаптауға қатысы бар деген айып тағылған.


Соттың тәртібін бұзып, шекараны заңсыз өтіп, елден қашып кеткені үшін Серік Күдебаевтың қанша жыл жаза арқалайтынын сот шешеді.


Еске сала кетейік, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жариялаған болатын.


Алайда, күдіктінің ел аумағынан тысқары бой тасалағанын шекара қызметі наурыздың 27-і күні бірақ білген.


Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қашып кету фактісіне орай қылмыстық іс қозғады. 


Айта кетейік, Талдықорғандағы Жетісу облыстық сотында Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы 5 қаңтарда басталған.


Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. Сол лауазымын атқару кезінде қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған.


Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Серік Күдебаев #сот #соңғы сөзі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика