AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Серік Жұманғарин Президентке қазақстандықтарды ота...

Серік Жұманғарин Президентке қазақстандықтарды отандық азық-түлікпен қамту шаралары туралы баяндады

Әлеумет 13.04.2023, 18:21 944 Almaty-akshamy
Серік Жұманғарин Президентке қазақстандықтарды отандық азық-түлікпен қамту шаралары туралы баяндады
Сурет : Ақорда

Қазақстандағы тауар айналымының жалпы көлемі 134,4 миллиард долларға жеткен


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президентке еліміздің сауда саласының былтырғы даму қорытындысы, Үкіметтің бағаны тұрақтандыру және қазақстандықтарды отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы баяндалды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныс берілді.


Серік Жұманғариннің айтуынша, 2022 жылы Қазақстандағы тауар айналымының жалпы көлемі 134,4 миллиард долларға жеткен. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 32,1 пайызға көп. Қызмет көрсету саудасы 26,3 пайызға өсіп, 12,3 миллиард долларды құрады. Қазақстанның барлық негізгі сауда серіктесімен өзара тауар айналымында өсім байқалады.


Өңделген өнімдер экспорты 26,5 миллиард долларды құрап, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Терең өңделген экспорт тауарларының тізімі кеңейіп, отандық тауарлар жаңа экспорт нарықтарына шықты.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының отандық өндірісінің жағдайы туралы айтылды. Қазақстан тұрғындардың қажеттілігін 19 өнім түрінің 10-ы бойынша толық, 6 өнім түрімен 80-98 пайыз және тағы үш өнім бойынша 50-ден 68 пайызға дейін қамтамасыз етеді. Импортқа тәуелділікті барынша азайту үшін алдағы уақытта өңірлерде іске асырылатын ірі агрожобалардың топтамасы жасақталады.


Кездесу соңында Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және ауыл шаруашылығын дамыту, қосымша құны жоғары қазақстандық тауарларды экспортқа белсенді түрде шығару жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #азық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Lost Frequencies Алматымен танысып, миллиондаған оқырманына әсерін айтты

Бүгін 09:37

Қазақстан ИСЕСКО Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды

Бүгін 09:10

Еліміздің кей өңірлеріне ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін 08:30

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);