AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Сені сүйемін, Қазақстан»: оңтүстіккореялық актрис...

«Сені сүйемін, Қазақстан»: оңтүстіккореялық актриса Со Джу Ён Алматыдан алған әсерімен бөлісті

Алматы Бүгін 14:59 52 yakiya
«Сені сүйемін, Қазақстан»: оңтүстіккореялық актриса Со Джу Ён Алматыдан алған әсерімен бөлісті
@_yeonjuso ресми Instagram парақшасы

Танымал оңтүстіккореялық актриса әрі модель Со Джу Ён (So Ju Yeon), Dr. Romantic және A Love So Beautiful телехикаяларындағы рөлдері арқылы кеңінен танылған өнер иесі Алматыға келіп, сапары туралы әлеуметтік желілерде бірнеше жазба жариялады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сапар барысында актриса Үлкен Алматы көлінде, Көлсай және Қайыңды көлдерінде, Шарын шатқалында болып, Іле Алатауында жаяу серуенге шықты. Өз жазбаларында ол Алматы табиғатынан алған әсерімен бөлісіп, таулы бағыттарды, туристік көрікті орындарды және қазақтың ұлттық тағамдарын, оның ішінде бауырсақты таныстырды.

Әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше назарын Со Джу Ённың жарияланымдарында қазақ тілін қолдануы аударды. Фотосуреттердің астында «Сені сүйемін, Қазақстан», «Рақмет» және «Көріскенше, Қазақстан» деген сөздер жазылып, Қазақстанның туы қойылған.

Жалпы актриса сапарына арналған бес жеке жазба жариялады. Контент оның 735 мың жазылушысы бар @_yeonjuso ресми Instagram парақшасында орналастырылды. Жарияланымдар түрлі елдердегі қолданушылардың қызығушылығын тудырып, халықаралық аудиторияны Алматының туристік әлеуетімен, табиғи көрікті жерлерімен және гастрономиялық мәдениетімен таныстырды.

Алматыға оңтүстіккореялық туристердің қызығушылығы артып келе жатқанын статистика да растайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қалаға Корея Республикасынан 23 мыңнан астам турист келген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#актриса
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді

Бүгін 15:40

Алматы дәрігерлері науқасқа екінші өмір сыйлады

Бүгін 15:18

21 мыңнан астам абаттандыру ережесін бұзушы және 20 тоннадан астам алкоголь тәркіленді: Алматыдағы «Таза Қазақстан» қорытындысы

Бүгін 15:17

«Жан-Сая» дағдарыс орталығы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметіне тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын жариялауға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді

Бүгін 15:15

Алматының Дүниежүзілік қолөнер қаласы ретінде мәртебесі нығайып келеді – Айжан Бекқұлова

Бүгін 15:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);