AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенаторлар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу...

Сенаторлар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселесін талқылады

Әлеумет 15.12.2023, 07:03 807
Сенаторлар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселесін талқылады
Суретті түсірген: Н.Байбулин

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді. Шара ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселесіне арналды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Сенаттың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сенат комитетінің төрағасы Әли Бектаев кездесуді аша келіп, Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі өсіп келе жатқаны байқалады.


«Жасалып жатқан жұмыстар баршылық. Алайда, ішкі нарық құс еті, шұжық пен сүт өнімдері, жеміс-жидек пен көкөніс сияқты күнделікті тұтынатын негізгі азық-түліктер бойынша әлі де импортқа тәуелді. Ал, еліміздегі қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмыс жүктемесі әлі де төмен деңгейде. Жалпы терең өңделген өнімдерді шығару, оны экспорттау арқылы импорттың үлесін азайту өте маңызды әрі ауқымды мәселе. Көтерілген мәселелердің бәрі агроөнеркәсіп кешенінің дамуына, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді деп сенеміз», - деп атап өтті Әли Бектаев.


Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ербол Тасжүреков өз кезегінде сенаторларға терең өңдеу саласындағы ағымдағы ахуал және агроөнеркәсіп саласын дамытудағы болашақ жоспар туралы айтып берді.


Кездесуге Сенат депутаттары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.


(, 74-72-27. )


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Сенат #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);