AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенат майнингке қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

Сенат майнингке қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

Әлеумет 19.01.2023, 06:12 983
Сенат майнингке қатысты заңды Мәжіліске қайтарды
Сурет: Vesti.ru

Сенатта заңды талқылау барысында тағы бірнеше өзгеріс енгізілді.


Сенат депутаттары цифрлық активтер туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Заңмен майнерлерге лицензия беру тәртібі енгізіледі. Олар Қазақстанда ресми түрде тіркелуге міндетті болады. Осылайша, майнерлер заңды тұлға ретінде тіркеліп, салық салынатын субъектіге айналады. Майнинг-пулдар да экономиканың бір бөлігі болады. Лицензияны цифрлық даму министрлігі береді деген жоспар бар. Ал криптобиржалар Халықаралық қаржы орталығында орналасады және соның аясында ғана жұмыс істейді. Себебі Қазақстанда криптовалютамен төлем жасауға тыйым салынған.



Бұдан бөлек, майнерлер табыстың 75 процентін отандық криптобиржаларда айырбастауға міндеттеледі. Бұл талап 2024 жылдан бастап енгізіледі. Қолданыстағы салықтан бөлек майнерлердің сыйақысына қосарланған құн салығы, майнинг пулдың табыс салығы, сондай-ақ криптобиржадағы операциялар үшін төлем алынады.


Сенатта заңды талқылау барысында тағы бірнеше өзгеріс енгізілді. Олар:


цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың кіші түрлерінің атауларын нақтылау;


цифрлық майнердің қызметін жарнамалауға қатысты нормаларды алып тастау, өйткені олар «Жарнама туралы» заңда және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделген;


заң нормаларын қолданысқа енгізу мерзімдерін нақтылау.


Мәжіліс осы өзгерістерді қабылдағаннан кейін заң бірден президенттің қол қоюына жіберіледі.



Бейресми мәліметке сәйкес, халықаралық криптобиржаларда бір миллионнан астам Қазақстан азаматы тіркелген. Барлығы криптовалютаны саудалайды. Оны сұр схемалар арқылы айырбастау фактілері де жоқ емес.



Ал жаңа заң бойынша криптобиржалар мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады. Майнингке қажетті құрал-жабдықтардың реестрі де енгізіледі. Соның арқасында заңсыз дата-орталықтарды барынша азайтуға болады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сенат #майнинг #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);