ffin.kz

Сейтқазы Матаев: Бізге барлығына сабырмен қарау керек

Сейтқазы Матаев: Бізге барлығына сабырмен қарау керек Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты дұрыс.


Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев президент сайлауына қатысты өз ойымен бөлісіп, кімге және не үшін дауыс бергенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


"Сайлауға бардым. Өз таңдауымды жасап, дауысымды Қасым-Жомарт Тоқаевқа бердім. Өйткені, оның бәсекелестері әлсіздеу болды, таңдау болмады. Қасым-Жомарт Кемелұлын көптеген жылдар бойы, 1991 жылдан, ол Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болған кезінен бастап білемін. Мен ол кезде Президенттің баспасөз хатшысы болатынмын. Кейін ол Сенат спикері, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметіне ауысты.


Негізінде, Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты дұрыс. Мен сайлау күні телемарафонды көріп, саяси науқанның барысын жіті бақылап отырдым. Халық Мемлекет басшысының дұрыс шешім қабылдағанына сенімді болуы керек. Қазір Президенттің атына өте көп сын айтылады, бірақ оның барлығын адам баласы қабылдай алмайды. Сондықтан оған барлық реформаларын жүзеге асыруға уақыт пен мүмкіндік беру керек. Бізге барлығына сабырмен қарау керек. Өйткені, сабыр – жетістікке қол жеткізудің сырлы кілті. 


Мемлекет басшысы бірінші кезекте сот реформасын жүргізуі керек деп санаймын. Өйткені, әділетсіз айыптау мен жалған жаладан көптеген адамдар зардап шегеді. Тергеу әділетті және бейтарап болуы керек. Алаяқтық пен бұрмалаушылықтың салдарынан жазықсыз жапа шегу адам жүрегіне шемен боп қатпаса, майдай жақпайды. Біз мұны ұлымыз екеуміз өз басымыздан өткердік.


«БАҚ туралы» заңға өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Олар журналистер қауымдастығымен белсенді түрде талқыланып, қолдау алуы керек. Алдыңғы заң БАҚ өкілдерімен бірге талқыланған жоқ. Бірақ оны шенеуніктер, баспасөзге қатысы жоқ адамдар тобы қабылдады.


Мен алдағы парламенттік сайлауды асыға күтемін және оның қызықты өтетініне сенімдімін", - деді Сейтқазы Матаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04