AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сейсмологтар 23 қаңтардан бері Қазақстан аумағында...

Сейсмологтар 23 қаңтардан бері Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісін тіркеді

Әлеумет 27.01.2024, 07:11 1,191
Сейсмологтар 23 қаңтардан бері Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісін тіркеді
Сурет: Анадолу

Оның 11-і сезілді.


ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сейсмикалық белсенділік Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған қатты жер сілкінісіне байланысты, оның сейсмикалық толқындары жақын маңдағы елдердің, соның ішінде Қазақстанның аумағына тарады.


Әдетте, мұндай қарқындылықтағы жер сілкіністерінен кейін көптеген афтершоктар орын алады, бұл әлі де байқалады. Бұл процестің қанша уақытқа созылатыны көптеген факторларға, соның ішінде жер сілкінісінің эпиорталығы орналасқан аймақтың сейсмикасына және жер жағдайына байланысты.


Бірте-бірте сейсмикалық белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады.


ТЖМ дағдарыс жағдайлардағы басқару орталығының базасында республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасуда. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, көлік және өндірістік объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Жағдай тұрақты.


Азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береміз. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын есте сақтаңыздар.



Егер сіз ғимараттардың жоғарғы қабаттарында болсаңыз, онда дүмпу тоқтағанша тұрыңыз, алдыңғы есікті алдын ала ашыңыз, бөлмедегі ең қауіпсіз орынға барып тұрыңыз: тірек арқалықтың астында, есіктер немесе негізгі қабырғалардың бұрыштарына, тірек бағанасына жақын тұрмаңыз, терезелерден, ауыр заттардан және жиһаздан алыс тұрыңыз. Сіз үстелдің астына тығыла аласыз немесе ванна бөлмесіне паналай аласыз.


Жер сілкінісі кезінде лифт пен баспалдақты пайдалануға болмайды. Дүмпу тоқтағанша күтіңіз, содан кейін ғана сыртқа шығыңыз.


Көшеде ғимараттардан, электр желілерінен, маңдайшалардан, қоршаулардан және т. б. алыс ашық алаңда тұру керек.


Дәрі-дәрмектер, қажетті заттар, өнімдер, құжаттар, фонарь, жылы заттар кіретін дабыл чемоданын алдын ала дайындаңыздар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жер сілкінісі #сейсмика #зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);