Сегіз медаль жеңіп алды

Сегіз медаль жеңіп алды egemen.kz

Суға жүзуден ұлттық құрама өкілдері Афи­нада өткен ха­лық­аралық турнирде сегіз медаль жеңіп алды. Дүбірлі додаға елімізден барлығы 18 спортшы мен 5 бапкер барды.

Турнирде топ жарғандар 11 шілде-3 тамыз аралығында Син­гапурде өтетін су спорты түрлері­нен әлем чемпионатына қатысады. Ел құ­ра­масы атынан сынға түс­кен Әділбек Мусин «Acropolis swim open 2025» халықаралық турнирінде 100 м қашықтықта баттер­фляй әдісімен жүзуде алтын медальды жеңіп алса, 50 м қашықтықта осы әдісте жүлделі екінші орынды ие­ленді.

Сонымен қатар Айбат Мырзамұратов 100 м қашықтықта брасс әдісімен жүзуде екінші, 50 м қашықтықта үшінші орыннан көрі­ніп, ел қор­жыны­на 1 күміс, 1 қола медаль салды.

Айта кетерлігі, Айбат Мырзамұ­ратов халықаралық деңгей­дегі спорт шебері нормативін орындап, су спорты түрлері­нен әлем чемпионатына қа­ты­су мүмкіндігін жеңіп алды.

Әйелдер арасында 100, 200 м қашықтықта баттер-фляй әдісімен жүзуде Ксения Игнатова топ жарып, ел абыройын асқақтатты.

Әйелдер арасындағы брасс әдісімен жүзуде де отан­­дасымыз Аделаида Пче­линцева 50 м қашықтық­та күміс жүлдегер атанды. Сол сияқты баттерфляй әді­сімен жүзуде 100 м қашық­тықта жерлесіміз Мак­сим Сказобцовтың бағы жанып, қолаға қол жеткізді. 

Су спорты түрлерінен ұлт­тық құрама бапкері Илья Гусаковтың айтуынша, турнир жүзушілердің алда­ғы байрақты бәсекелерге дайын­­дық деңгейін көрсетіп, олар­дың бағыт-бағдарын бел­гі­леді. «Спортшылардың жетіс­тіктері аз емес, алайда жоға­ры деңгейге шығу жолын­да бізге әлі де көп жұ­мыс іс­теу керек. Бар­лық бапкер мен спортшы­ға жанкешті еңбегі, ко­ман­­­далық рухы, жеңіске де­ген жігері үшін алғыс біл­діремін»,  деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:52

17:43

17:28

17:25

17:16

17:11

16:56

16:54

16:50

16:42

16:33

16:22

15:54

15:44

15:41

15:37

15:35

15:26

15:21

15:18

15:15

15:10

15:07

15:04

14:29