Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / «Сәулетші жолы – ұлт құндылығы»

«Сәулетші жолы – ұлт құндылығы»

Тұлға 26.04.2022, 04:38 2,949
«Сәулетші жолы – ұлт құндылығы»
cуреттерді түсірген - Қайрат Қонысбаев

Шаһарымызда сәулетші және қоғам қайраткері Шота Ыдырысұлы Уәлихановтың 90 жылдығына арналған «Сәулетші жолы – ұлт құндылығы» атты конференция өтті. Іс-шараны мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай Еуразия мәдениет қоры ұйымдастырды.


Алматының бас алаңында орнатылған Тәуелсіздік монументі мен Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы Шота Уәлихановтың мерейтойына арналған жиынға Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов, ҚР тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Жансейіт Түймебаев және зиялы қауым өкілдері мен Ш.Уәлихановтың туыстары қатысты.


Жиын Ерұлан Қанапияновтың Шота Ыдырысұлына арнаған өлеңін оқуымен басталып, ары қарай қазақ тарихында алтын әріппен жазылған сәулетші туралы деректі фильмді тамашалаумен жалғасты. Фильмде қазақ сәулетшісінің өмірінен мол мағлұмат беріліп, оның мұрағаттағы сұхбаты мен бейнежазбаларынан біршама үзінділер көрсетілді.



Деректі фильм көрсетілімінен кейін Шота Уәлиханов туралы естеліктер айтылып, жалпы тұлғалық қасиеттері жайлы әңгіме өрбіді.



  • Шота Уәлиханов өте өнегелі өмір сүрді. Онымен дидарласып, сөйлескен адам көзінің қарашығы үлкейіп рухани байып қалатын. Шотаның ой өрісі өзгеден ерек еді. Сондықтан ол секілді адамдармен пікір алмасып, әңгімелескіміз келетін. Бүгінгі күні сәулетші бауырымның өз қолымен жасаған ескерткіштері бізге мұра болып қалды. Ал бұрын сол ескеркіштерді жасау барысында біз макет болып позаға тұратынбыз. Оның еңбектері жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие береді, ал ескеркіштері ел есінде көмескіленіп бара жатқан тарихи тұлғаларды ешқашан ұмыттырмайды. Сондықтан Шота сынды қайраткерлерімізді бірінші кезекте дәріптеуіміз керек, – деді Қазақстанның халық ақыны, ҚР Еңбек Ері Олжас Сүлейменов.


 Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров те Шота Уәлиханов туралы жылы естеліктерін айтты.



  • Ол менен 13-ақ жас үлкен болса да, мені «ұлым» дейтін. Осы сөзіне ренжісем, «қазақта «он үште отау иесі» деген сөз бар» деп ақталып алатын. Шота Ыдырысұлы өте ерекше адам. Онымен сөйлескеннен рахаттанып қалатынмын. Өмірімнің жартысы Ресейде өткен маған ол еліміздің тарихын байыппен, ұқыптап түсіндіретін. Қандай да бір жаңа жоба жасаса, бірінші болып мені шақырып, халық көзімен қарап баға берші деп өтінетін. Небір жетістіктерге жетсе де, ешқашан тәкаппарлығын көрмедік. Ол кісі мен үшін әкенің орнына әке, ағаның орынына аға болды, ақыл айтатын ұстаз болды, – деп еске алды ол.


Конференция барысында «Шот-Аман Уәлихан» атты жеті томдық кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл кітаптар жинағында Шота Уәлихановтың шығармашылық еңбектері мен оның сәулетші ретіндегі жұмыстарының жасалуы, мән-мағынасы туралы деректер жиналған.




  • «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші, Шота ағамыздың өмір бойы жазып-сызған қолжазбалары, жарыққа шықпаған жобалары мен еңбектері шашылып кетпей тұрғанда, мынандай жеті томдыққа жинақтау – болашақ ұрпаққа арналған үлкен іс, – деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Шәкір Ыбыраев.


Жиын соңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев Шота Уәлихановтың зайыбы Зинаида Кәрімқызына камзол кигізіп, алтын медаль табыстады.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сәулетші #Шота #Уәлиханов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен тағы бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 10:33

Алматыда жаңа мектептер ашылып жатыр

Бүгін 10:20

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Кеше 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Кеше 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика