ffin.kz

Сауалнама. Жазда қайда демаласыз?

Сауалнама. Жазда қайда демаласыз? set-travel.com

Жарқын жаз демалысқа да, құрылысқа да ыңғайлы мезгіл ғой. Тіпті, туған жерімізге де, алыстағы ағайынға да көбіне осы мезгілде ат басын бұрамыз. Жыл бойғы ең күрделі деген істің өзін осы жазға қалдырамыз. Тіпті, жазғы демалысты өткізудің өзі үлкен мәселедей көрінеді. Сондықтан «сіз жазда қайда демала­сыз?» деген сауалды ортаға салдық.



Асылы ОСМАН,  қоғам қайраткері:  Бір серпіліп, сергіп қалдым


Мен жазғы демалысымды бастап та кеттім. Қазір қала сыртындағы шипажайда демалып жатырмын. Таза ауамен тыныстап, ем қабылдап жатқан жәйім бар. Мейірімді мейірбикелер, саусағының өзі сиқырлы дәрігер бауырларым жан-жағымнан «апайлап» жаны қалмай жатыр. Адамға осының өзі жақсы демалыс емес пе? Бір серпіліп, сергіп қалдым. Жалпы, мен бұрыннан-ақ алысқа кетіп, демалыс іздеген кісі емеспін. Маған халықтың арасын­да болып, шешіліп әңгіме құрған ұнайды. Сосын жасы келген адам туған жерін аңсап тұрады екен. Мен де биыл ел жаққа барып қайтсам ба деп едім. Оның сәті түспейтін сыңайлы. Күн дегенің ерекше ысып кетті. Оның үстіне оңтүстіктің жазы бұдан да зор, екі есе ыстық. Әрі үлкен кісіге алысқа жол жүру де оңай емес екен. Сондықтан биылғы жазды Алматыда өткізетін сыңайлымын.


 


Майра ІЛИЯСОВА,  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:  Алакөлдің шипалы суына шомыламын


Негізі, жазда бір демалып алған дұрыс қой. Қыста жоспарлаған жұмыстарым өте көп болып тұр. Сол шаруаларды бітіріп тастайын деп шапқылап жүрген жайым бар. Сәтін салса, не­мерелерімді алып, Алакөлге демалып қайтсақ па деп отыр­мыз. Сыртқа, шетелге кету деген жоспар жоқ. Мен үшін Алакөлдің шипалы суына шомылғаннан артық демалыс жоқ. Балалар да осы бастан өз елімізде демалғанды үйренсін деп, әдейі өзім бастап барғалы отырмын. Биылғы біраз өнер сапа­ры да осы мезгілмен тұспа-тұс келіп тұр.


 


Мереке СМАЙЛОВА, продюсер,  «Мереке» орталығының жетекшісі:  Үлкен байқауға әзірлік үстіндеміз


Қазір біз үлкен байқауға әзірлік үстін­деміз. Екі аптадан кейін Лондонға ұшқалы отырмыз. Өнерпаз балалардың үлкен Ха­лықаралық ән байқауына қатыспақшымыз. Шетелге шықты деген аты болмаса, бұл да дайындық, еңбекті талап етеді. Шыны керек, іштей қатты қобалжып жүрмін. Сәтін салып, бәрі ойдағыдай болса, Алакөлге барып демаламыз деп жос­парлап отырмыз.


 


Айнұр ӘЛІПБАЕВА,  жеке кәсіпкер: Бір сәтке де уақыт жоқ


Қыста ойлаушы едім, «осыдан жаз шықса, анда барам, мында барам» деп. Қайдағы... қазірдің өзін­де жаздың бір айы өтіп барады. Жаз – нағыз сауданың қызатын уақыты ғой. Сондықтан бір сәтке де уақыт жоқ. Оның үстіне сауда орнымыздың көлемін ұлғайтамыз деп, құ­рылысты да бастап қойдық. Осы ғимаратты салып болсақ, өз өнімімізді өндіретін бола­мыз. Қазірдің өзінде біздің кәсіпорын шы­ғарып жатқан өнімдерге сұраныс жоғары. Мүмкін күзде, күн салқындағанда демалатын болармыз.


 


Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ,  журналист:  «Сарыағаштағы»  шипажайға барамын


Біздің биылғы жазғы демалысымыз қызу қарқынмен басталды. «Қазақтың тойы бітпесін» демекші, батыстағы қайын жұрт­та жүрміз. Осындағы тумалардың тойлары болып, қуанышта­рына ортақтасып жатқан жайымыз бар. Сосын оңтүстікке қарай ойысамыз. Төркінде де біраз қуаныштар күтіп тұр. Жылда «Сарыағаштағы» шипажайда бір мезгіл демалып қайтамын. Биыл да жазғы демалысымның бір-екі аптасын осында өткізуді жоспарлап отырмын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04