Сац атындағы театрды қайта жаңғырту: жаңа сахна, заманауи технологиялар және қауіпсіздік

  • 13:22, 04 шілде 2025
 Сац атындағы театрды қайта жаңғырту: жаңа сахна, заманауи технологиялар және қауіпсіздік Алматы әкімдігі

Әуезов аудандық әкімдігі мен Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында журналистер Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын қайта жаңғырту жұмысымен танысты. Театрдың кіреберісіне мәрмардан жасалған панно қою – Дінмұхамед Қонаевтың идеясы.  

Жобаның жетекшісі Асқар Сағындықовтың айтуынша, жұмыс кезінде тарихи ғимараттың маңыздылығы ескеріпті. Тарихи архитектуралық элементтер, оның ішінде мозаикамен жасалған барельеф, баспалдақтар мен қанаттар, чехословак люстралары қалпына келтірілмек. Бұл люстралар  бөлшектеліп, қайта қалпына келтіру үшін жөндеуге жіберілген.

«Жобаны әзірлеп жатқанда Қонаев жасаған жобаны тауып алдық, онда кіреберісіне мәрмар панно орнатуды жоспарлапты. Бірақ 15 жыл бойы оны іске асыра алмаған. Біз осы концепцияны қалпына келтіріп, толық жүзеге асырғалы отырмыз», - деп атап өтті ол.

Театр ғимараты 1979-1980 жылдары Алматының мақта-тоқыма комбинатының мәдениет үйі ретінде салынып, оны архитекторлар Альбина Петрова, Гүлзара Джакипова мен Зауреш Мұстафина жобалаған.

«Ғимараттың қасбетінің жағдайы өте нашар. Театр жұмыс істеген кезде де тастары өзінен өзі үгітіліп түсіп кететін. Бұрын оны адамдарға зақым келтірмес үшін болтпен бекітіп қойған», - деді Асқар Сағындықов.

Жаңартудан кейін театрдың сыртқы келбеті де, ішкі жағы да айтарлықтай өзгереді. Жертөле мен техникалық қабат кеңейетіндіктен, ғимараттың жалпы ауданы 9 800 м²-ден 14 680 м²-ге дейін ұлғайтылады. Бірақ көрерменнің орын саны 781-ден 744-ке дейін қысқарады, себебі жайлы орындық орнатып, қатардың арасындағы жолды едәуір кеңейткен.
 
Театр толық техникалық қайта жабдықтаудан өтеді. Бес көтергіш алаң, шығарылатын және айналмалы механизмдер, жаңа мультимедиялық жүйе, сондай-ақ интеллектуалды жарық пен сахнаны басқару жүйесі орнатылады. Сонымен қатар, тиімді жарықтандыру жүйесі енгізіліп, бір орталықтан басқарылатын болады енді.

Театр аумағында жаңа Black Box форматына сай кіші сахна ғимараты да салынып жатыр. Ғимараттың жалпы ауданы 10 500 м², 220 орындық болады. Бұл кеңістік түрлі форматтағы спектакльдерге бейімделіп, түрленіп отырады. Кіші сахна негізгі ғимаратпен жабық өткел арқылы байланысады, бұл тарихи бөлікті жаңарған кеңістікпен біріктіреді.

Жоба Алматы қаласының Құрылыс басқармасы мен мердігер ұйым «BI Urban Construction» ЖШС бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Жобаның жалпы құны 23,9 миллиард теңге, жаңа ғимараттың алаңы 10 559 м² құрайды. Қазір жұмыстар 56%-ға, жаңа сахнаға арналған жердегі жұмыс 65%-ға аяқталды. Сонымен қатар, қоршаған аумақты абаттандыру жұмыстары да қарастырылған. Барлық құрылыс және іске қосу жұмыстарын 2026 жылдың шілде айында аяқтау жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:38

17:10

16:16

16:08

16:04

16:02

15:53

15:05

14:42

14:13

14:05

13:28

13:22

12:32

12:21

11:57

11:32

10:50

10:50

10:26

10:13

10:08

10:08

09:52

21:50