AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сарбаздар «Балқаш жолбарысымен» кездесті

Сарбаздар «Балқаш жолбарысымен» кездесті

Әлеумет 02.10.2024, 10:27 1,128 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Сарбаздар «Балқаш жолбарысымен» кездесті
aqshamnews.kz

Василий Жиров Алматыда Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті

Құқықтық тәртіп әскерінде сарбаздардың қоғам қайраткерлерімен, белгілі тұлғалармен, атақты спротшылармен кездесуі дәстүрге айналған. Алматыдағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығындағы ұландық жауынгерлер бұл жолы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы олимпиада чемпиондарының бірі – Балқаш барысы Василий Жировпен жүздесті.

1996 жылғы Атланта олимпиадасының чемпионымен кездесу 5571 әскери бөлімінде өтті. Оған 300-ден аса сарбаз қатысты. 
Балқаш жолбарысы биік белестерді бағындыру жолында талай кедергілер мен қиындықтарға тап болғанын, тек ерен еңбектің арқасында бәрін еңсере білгенін әсерлі әңгімеледі. Биік армандарға жету жолдарымен бөлісіп, салауатты өмір салтын ұстануға да шақырды. Сарбаздар тарапынан қойылған сауалдар да жауапсыз қалмады. Олимпиада чемпионы ұландық сарбаздарға өзінің қолтаңбасы қойылған боксерлік қолғабы мен фотосуреттерін естелікке тарту етті.

– Жировтың әңгімесін зейін қойып тыңдаған сарбаздар ерекше рухтанып, бұл кездесуден үлкен әсер алғанына сенімдімін. Василий Жиров – халқымыздың мақтанышы, өзінің еңбегімен және табандылығымен әлемнің спорт аренасында Қазақстан туын желбіреткен спортшы. Вел Баркер кубогының иегерін шақырудағы мақсатымыз – сарбаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Болашақта шың басына шыққысы келетін сарбаздарға аға буын өкілдерінің осындай ақыл-кеңесі ешқашан артық етпейді. Керегін түртіп алып, қажетіне жаратады. Сондықтан біз бұл игі дәстүрді жалғастыра береміз, – дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Арман Сейітов.

Кездесу соңында чемпион сарбаздармен естелік фотоға түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Василий Жиров #ұлттықұлан #бокс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);