конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Санжар Боқаев екі айға қамауға алынды

Санжар Боқаев екі айға қамауға алынды

Заң мен тəртіп 31.03.2026, 14:33 327 Сұлу
Санжар Боқаев екі айға қамауға алынды
Ашық дереккөз

Қоғам белсендісі әрі блогер Санжар Боқаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, Боқаевқа қатысты іс екі бап бойынша тергеліп жатыр: ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" және ҚК-нің 340-бабы 3-бөлігі 1-тармағы "Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау".

"2026 жылғы 19 наурызда Алматы қаласы тергеу сотының қаулысымен С. Боқаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды",- деп хабарлады Бас прокуратура.

Еске салайық, 18 наурызда Алматыда блогер Санжар Боқаев ұсталған болатын.

Бас прокуратура мәліметінше, Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кескені және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлағаны туралы видео жариялады деген күдікке ілінген.

"Тергеу дерегіне сәйкес Санжар Боқаев осы қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген. Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілініп отыр", - деп жазылды сол кездегі хабарламада.

Әлеуметтік желілерде Санжар Боқаевтың ұсталған видеосы пайда болды. Кадрларда Боқаевты арнайы жасақ қызметкерлері қоршап тұрғаны көрінеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#блогер #қамауға алу #бас прокуратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Қарасай батыр және Құлымбетов көшелерінде біржақты қозғалыстың пилоттық схемасы іске қосылады

Бүгін 20:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:18

Таиланд медицина қызметкерлері алматылық әріптестерінің тәжірибесін зерттеді

Бүгін 20:14

Алматыда қуықасты безі обырының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті

Бүгін 17:48

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясы өтті

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);