Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Самұрық-Қазына» қызметкерлері қанша жалақы алады

«Самұрық-Қазына» қызметкерлері қанша жалақы алады

Әлеумет 15.09.2022, 17:00 1,167
«Самұрық-Қазына» қызметкерлері қанша жалақы алады
Сурет: Ашық дереккөзі

Жалақы мәселесі толығымен қордың директорлар кеңесінің құзыретіне жатады


«Самұрық-Қазына» қорында басқарушы персоналдар үшін төленетін жалақы көлемі айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Квазимемлекеттік сектор субъектісі ретінде қор қызметкерлерінің жалақысын мемлекеттік қызметшілердің жалақысымен салыстыруға келеді. Үш деңгейлі жалақы деген түсінік жоқ. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қорында әділ еңбекақы төлеу жүйесі бойынша нақты ережелер әзірленді. Оның ішінде негізгі және жыл қорытындысы бойынша берілетін сыйақы төлеу де бар. Жалақы мен сыйақы тағайындауда жұмысшының жеке және корпоративтік қызмет көрсеткіштері ерекше ескеріледі», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, жалақы мәселесі толығымен қордың директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.



«Бізде басқарушы персонал орта есеппен 950 мың теңге, ал менеджерлер шамамен 400 мың теңге жалақы алады», - дейді ол.



Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» басшысы қорды реформалаудан кейін қызметкерлер саны 248-ден 124-ке дейін қысқарғанын айтты. Оның ішінде басшылар саны екі есе, яғни 10-нан 5-ке дейін азайған.
Бұған дейін «Самұрық - Қазына» қорының халық өмірін жақсартуға бағытталған жобалардың екінші пакетін жариялағаны туралы хабарлаған едік.


Одан бөлек, брифинг барысында аталған қордың шамамен 10 триллион теңге қарызы бары айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Самұрық-Қазына #жалақы #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика