Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Самұрық-Қазына» өзінің негізгі міндетін орындап о...

«Самұрық-Қазына» өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма?

Әлеумет 11.01.2022, 06:50 1,058
«Самұрық-Қазына» өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма?
almaty-akshamy.kz

Президент: «Самұрық-Қазынаны» реформалау еш мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикада қажеті жоқ



«Самұрық-Қазына» қорында реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Самұрық-Қазына» қоры қызметінің тиімділігі мәселесіне тоқталған Президент бүгінде бұл қордың активі еліміздің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызына жуықтайтынын айтты.



«Яғни осы ұйымның тиімді қызметі бүкіл экономикамызды өркендетуге тікелей әсер етеді. Қордың KEGOC, ҚТЖ сияқты инфрақұрылымдық компаниялары экономикамыздың барлық дерлік секторының тиімділігін айқындайды. Осы тұста қор өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма?! Яғни «Ұлттық байлықты еселей алды ма?» деген орынды сұрақ туындайды. Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады?! Қызметі өте қымбат консалтинг компанияларын және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма?» - деді Мемлекет басшысы.



Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев аталған қорға қатысты Үкіметке тиісті тапсырма берді.



«Самұрық-Қазына» қоры еліміздің стратегиялық активтерін басқару ісінде басты рөл атқарады. Сондықтан Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Егер қорды реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн», - деді Президент.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Самұрық-Қазына» #президент #үкімет #Реформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика