AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Салықшылар «Алтын Орда» базарының иелері қанша сал...

Салықшылар «Алтын Орда» базарының иелері қанша салық төлегенін айтты

Әлеумет 16.05.2022, 11:23 1,412
Салықшылар «Алтын Орда» базарының иелері қанша салық төлегенін айтты
Сурет: Yandex.kz

Олар 1,5 млрд теңге салық төлеген.


«Алтын Орда» базарында сауда жасайтын 2993 азамат кәсіпкер ретінде тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқапаратқа сілтеме жасап. 



«Мемлекет басшысының Алматы облысындағы «Алтын Орда» базарының қызметін ретке келтіруге қатысты тапсырмасына сәйкес бірқатар бақылау шаралары жүзеге асты. Сауда орталығында жұмыс істейтін 2993 азамат кәсіпкер ретінде тіркелді. Оның ішінде ақпанда - 1371, наурызда - 1443, сәуірде 179 адам жеке кәсіпкерлік құжатын алды. Бұрыннан тіркеліп, жұмыс істеп отырған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды қоса есептесек, қазіргі уақытта жалпы саны 3 324 субъекті бар. Бұрын базар аумағында сауда жасайтын 331 салық төлеуші есепте тұрған», - деп жазды ведомстводан. 



Тағы белгілі болғаны, бақылау шаралары базарды жалға алушы «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС және базар иесі «KURYLYS LTD» - «Курылыс ЛТД» ЖШС-на қатысты жүргізілген. Қолданылған шаралардың нәтижесінде бюджетке 1,5 млрд теңге салық төленді, оның ішінде «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС 1,4 млрд теңге салық төлеген, «KURYLYS LTD» - «Курылыс ЛТД» ЖШС-і – 92,3 млн.теңге бюджетке аударған. 



«Одан бөлек, қолданылған шараның нәтижесінде «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС мен «KURYLYS LTD» - «Курылыс ЛТД» ЖШС-ына камералдық бақылау бойынша жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге хабарламалар қойылып, 1,1 млрд теңге қосымша салық есептелді. Қазіргі уақытта оның 650 млн теңгесі бюджетке өндірілді», - деп толықтырды комитеттен. 



Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС мен базар иесі «KURYLYS LTD» - «Курылыс ЛТД» ЖШС-на қатысты салықтық тексерулер жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Базар #салық #налог #рынок
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);