Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Салғырттықтың соңы...

Салғырттықтың соңы...

Заң мен тəртіп 14.06.2023, 08:02 1,027
Салғырттықтың соңы...
Сурет: Рrimeminister.kz

Абайдағы өртке салғырттық танытқандардың бәрі жауап береді.


Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, Ильин, Сүлейменова, Ұранхаев және Ахметовтен жауап алынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бас прокурордың орынбасары Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігімен ( "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу") қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Президент бұл істі тергеуді Бас прокуратураға тапсырған. Ведомствоның арнайы қызметі тергеуді бастап кетті, құрамына "барлық құқық қорғау органдарының ең тәжірибелі, білікті тергеушілері мен жедел уәкілдері" енген ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Топ оқиға орнында, оны Бас прокурордың бір орынбасары басқарады. Іс Бас прокурордың жеке бақылауында.



"Сонымен бірге қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірген бұл қайғылы оқиғаның ауқымын, ең негізгісі – 14 орман шаруашылығы қызметкерінің қызметтік міндетін атқару кезінде қаза табуын ескере отырып, біз де лауазымды тұлғалардың салғырттығы бойынша қылмыстық іс қозғадық. Ал қазір бұл екі істі Бас прокуратура тергеп жатыр. Осы қылмыстық істі тергеу аясында өз міндеттеріне атүсті,  жауапсыз қараған, соның салдарынан өзіне жүктелген міндетті орындамауынан қайғылы жағдайға және азаматтарымыздың қаза табуына әкеп соқтырған барлық лауазымды тұлға анықталады", - деді Бас прокурордың орынбасары.



Бұл ретте Төтенше жағдайлар министрлігінің экс-басшысы Юрий Ильин, Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов сынды шенеуніктердің әрекетіне әлі ешқандай баға берілген жоқ.



"Бірақ осы қылмыстық іс аясында барлық қатысы бар тұлғалар, лауазымды тұлғалар, қызметтік міндеттеріне қатысты тиісті шараларды қолданбай, соның салдарынан ауқымды өрт пен адам өліміне әкеп соқтырғандардың бәрі сөзсіз жауапкершілікке тартылады. Қазір шенеуніктердің әрекеті сараланған жоқ, тергеу енді басталды. Осы қылмыстық іс аясында жауапқа тартылатын адамдардың көбі, мұнда тек басшы қызметкерлер ғана емес, орта буын басшылары да бар, олар қазір өртті сөндіруге атсалысып жатқанын ескердік. Біздің басты мақсатымыз – өртті сөндіру. Сондықтан бұл күндері біз оларда алаңдатпаймыз, олардан міндетті түрде жауап алынады. Тергеу мерзімі - екі ай", деді Жандос Өміралиев.



Ол тергеушілердің Абай облысы бөлінгенге дейін тоғыз жыл басқарған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке қоятын сауалы аз екенін айтты.



"Ол "Семей орманы" орман шаруашылығын қадағаламайды, ол Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайды. Сол күндері іске қосылуы керек болған қаржыландыру, тиісті техникамен қамтамасыз ету, кадр мәселесі, тану жүйелерінің бар-жоғы, ескертулер және басқа да нормативтік құқықтық актілер сияқты мәселелер Экология министрлігінің құзырында. Әкімдіктер материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етуге қадағаламайды және жауап бермейді. Бізде қазір бұл фактілер бойынша сұрақ жоқ (Даниал Ахметовке – ред.).Тергеу жүріп жатыр", деді ол.



Ол қазір басқа да тергеу әрекеттеріне қоса, жедел-іздестіру сипатындағы әрекеттер де жүргізіліп жатқанын атап өтті. Журналистердің "Біреу-міреуі қашып кеткен жоқ па?" деген сұрағына:



"Жоқ, жоқ, мұны жасырын тергеу әрекеттері деуге болады. Шенеуніктерден жауап алмас бұрын, біз басқа жайттарды анықтап, бірқатарын нақтылауымыз керек, басқа да бағынышты тұлғалардан жауап алуымыз керек. Осыдан кейін сұрақтардың толық көлемі жиналған кезде, біз тергеуге қажет барлық адамнан сөзсіз жауап аламыз", - деп жауап берді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт #Абай #жауап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика