AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сәлем салу – Аллаға серік қосу емес, үлкен құрметт...

Сәлем салу – Аллаға серік қосу емес, үлкен құрметтің белгісі

Әлеумет 21.02.2024, 10:49 1,272
Сәлем салу – Аллаға серік қосу емес, үлкен құрметтің белгісі
muftyat.kz

Алматыда Қазақстан Ұлттық кітапханасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен шыққан «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының танытымы өтті. Іс-шараға ғалымдар, жазушылар, тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz







Жаңа кітап танытымында бірінші сөз алған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Біздің көздеген мұратымыз – қазірге дейін сақталып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сананың негізі мұсылманшылықта жатқандығын дәлелдеу. Себебі соңғы кездері қазақты түрлі деңгейде исламнан алыстатуға тырысушы пікірлер пайда болды. Кейбірі теріс пиғылмен әдейі әрекет етсе, енді бірі білместікпен ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі дінімізге теріс пікір айтуда. Халқымыз қастер тұтқан, жаугершілік заманда батырларды Отанды қорғауға үндеген, жиын-тойларда жұртты ізгілікке шақырған төл аспабымыз – домбыраны «харам» деп жүрген жастарды осы кітапты оқуға шақырамын. Сәлем салуды Аллаға серік қосу деп санайтындарға да осы кітапта жауап жазылған. Сәлем салу – Аллаға серік қосу емес, үлкен құрметтің белгісі. Сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан тәрбиелік мәні зор ұлттық құндылықтарымызды жоққа шығару үлкен қателік деп атар едім. Міне, осындай жаңсақ пікірлерге «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы толыққанды жауап береді деген ойдамыз», – деді.







Іс-шарада Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, Жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, академик, алаштанушы Мәмбет Қойгелді сынды ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан сақтауда жаңа кітаптың рөлін айрықша атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #Дәстүр #кітап #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика