AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси...

Сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси жұмылдырылады

Сайлау-2023 31.10.2022, 08:29 1,409
Сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси жұмылдырылады
Сурет: 365info.kz

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.


Жиында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауында мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруі үшін қолайлы жағдай жасау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының ережесін және жұмыс тобының жаңа құрамын бекіттік. Жұмыс тобының құрамына 19 адам, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қоғамдық бірлесіктерінің 17 өкілі кірді», - деп атап өтті отырысты ашқан ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.



Осыдан кейін ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректерге сәйкес, сайлау учаскелерінің 92 пайызы пандустармен, 82,3 пайызы ғимаратқа кіре берістегі тактильді белгімен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сонымен қатар дауыс беру күнінде 253 учаскеге пандус, 525 учаскеге кіре берістегі тактильді белгі орнатылатындығын айтты.



«Учаскелердің 95,2 пайызында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнаулы бұрыш жабдықтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар учаскелердің 94,1 пайызында кабиналарды кресло-коляскамен жүретін азаматтарға қолжетімді қылып жабдықтау көзделіп отыр. Дауыс беретін күні инватакси қызметі жұмылдырылатын болады», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сайлау күні #инватакси #мүмкіндігі шектеулі жандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:08

Алматының алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты

Бүгін 09:15

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Кеше 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Кеше 19:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);