AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Сағынтаев мектептер құрылысын жандандыруды тапсырд...

Сағынтаев мектептер құрылысын жандандыруды тапсырды

Білім және ғылым 02.09.2021, 17:20 1,612
Сағынтаев мектептер құрылысын жандандыруды тапсырды
Сурет: Yandex.kz

Педагогтардың мотивациясы мен біліктілік деңгейін арттыру, білім беру қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін дамыту үшін «Алматы мектептері» қалалық бағдарламасы жүзеге асырылатын болады.


Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді орындалуға қатысты өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мұғалімдерді қолдау мен мектеп құрылысының қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Мемлекет басшысы білімге, мұғалімдерге қолдау көрсетуге, олардың еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударды. Мәселен, жыл басынан бері мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті. Алматыда жас мұғалімнің орташа жалақысы 157 мың теңгені құрайды. Жалақыны өсіру есебінен мұғалімдердің орташа жалақысы 2022 жылы 183 мың теңгені құрайтын болады.



Педагогтардың мотивациясы мен біліктілік деңгейін арттыру, білім беру қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін дамыту үшін «Алматы мектептері» қалалық бағдарламасы жүзеге асырылатын болады.


Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қашықтан білім беру форматтары үшін ақпараттық жүйелердің сапасын арттыру мәселесі пысықталатын болады. Бұл ретте қаланың жекелеген ықшамаудандарында интернеттің өткізу қабілеттілігін арттыру мәселелерін шешуге назар аударылады.


Бұдан басқа, 2025 жылға қарай барлық білім беру ұйымдарында қолжетімділікті қамтамасыз ету және инклюзивті білім беру жұмысы жалғасатын болады. Бақытжан Сағынтаев Білім басқармасына халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жоғары оқу орындарына конкурстық негізде түсуге гранттармен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды тапсырды.


Дарынды балаларды жан-жақты қолдау, оларға бір реттік ақшалай сыйлықақы төлеу, сондай-ақ дарынды оқушыларды тәрбиелеген мұғалімдерді көтермелеу мүмкіндігі де қарастырылатын болады.


Әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан 23 мың балаға Жаппай білім беру қорының көмегі көрсетілді. Жаңа оқу жылының басталуымен «Мектепке жол» акциясы арқылы 800 миллион теңгеден астам көмек көрсетілді. Сонымен қатар, осы санаттағы балалар мектепте тегін тамақтанатын болады.



Негізгі мәселелердің бірі – оқушы орындарының тапшылығын азайту. Биыл 3,5 мың оқушыға арналған 11 жекеменшік мектеп ашылды, 4 150 орындық 9 жаңа ғимарат пайдалануға берілді. 4 113 орындық тағы 8 ғимарат қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі.



Сонымен қатар, 12,6 мың оқушыға арналған 8 мектептің құрылысы жүргізілуде. Сондай -ақ, 2023 жылға қарай 2 650 орындық төрт мектеп пен 2 650 орындық бар мектептер үшін 7 ғимарат салу жоспарлануда. 2 340 балаға арналған 10 балабақшаның құрылысы бойынша жобалар әзірленуде.


Мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына дейін мыңдаған мектептердің құрылысы бойынша қойған тапсырмасын орындау мақсатында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев оқушы орындарын ұлғайту бойынша шаралар мен жаңа тәсілдер кешенін әзірлеуді тапсырды.


NEET санатындағы жастарға назар аудара отырып, «Тегін ТжКБ» жобасын іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес балаларды кәсіпке ерте бағыттау бойынша жұмыс күшейтіледі. Бұл ретте ұлттық цифрландыру жобасы аясында жоғары сапалы АT мамандарын даярлауға баса назар аударылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);