Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды

Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды

Әлеумет 24.09.2024, 14:50 907
Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды
Аида Бектурова

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу шарасы өтті. Салтанатты жағдайда Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың мемориалдық тақтасына гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрін еске алуға оның қызы Айсұлу Нұрмағамбетова, достары, әріптестері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ардагерлері, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтының курсанттары, Алматы қаласы Қорғаныс істері департаментінің офицерлері және Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері қатысты.

 «24 қыркүйек 2013 жылы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов дүниеден озды. Ол өте адал, әділ және әскери зиялылардың бірегей өкілі болды. Қазақстан армиясының қалыптасуында оның еңбегі зор», -деп атап өтті «Офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-майор Махмұт Телегусов.

«Сағадат Нұрмағамбетовтың кәсіби және тұлғалық қасиеттері ерекше болғанымен, ол өте қарапайым, ұстамды адам еді. Ол кез келген ісінде әділдік пен адалдық танытты. Мұндай тұлға өзіне деген құрметке лайық және біз оны әрқашан есте сақтаймыз», — деді ол.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін, аңызға айналған генерал тұрған үйдің жанындағы көшеде Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары мен десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері салтанатты маршпен жүріп өтті.

Айта кетейік, Сағадат Нұрмағамбетов еліміздің ұлттық Қарулы Күштерін құруға орасан зор еңбек сіңірді. Оның есімі тарихта алтын әріптермен жазылып қалатынын анық. Және де қорғаныс саласындағы еңбектері көптеген ұрпақ үшін мұра болып табылады. Тәуелсіз мемлекеттердің құрылу кезеңінде ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері арасында Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз адам Сағадат Нұрмағамбетов еді.

Оның есімі әрбір қазақстандықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Оның бүкіл өмірі – Отанға адал қызмет ету жолы, бұл біздің мемлекетіміздің және армиямыздың қалыптасу тарихы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сағадат Нұрмағамбетов #әскер #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика