AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Садраддин бе Ирина Кайратовна ма?

Садраддин бе Ирина Кайратовна ма?

Не? Қайда? Қашан? 06.03.2024, 12:29 1,583
Садраддин бе Ирина Кайратовна ма?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстандықтар кімді көбірек тыңдағанды ұнатады?


Төрт күннен кейін Қазақстанның мәдениет, спорт және ойын-сауық саласы бойынша жетінші және ең ірі сыйлығы Ticketon Awards үшін дауыс беру аяқталады.


Қазақстанның мәдениет, спорт және ойын-сауық саласына ең көп үлес қосып жүргендерді анықтау арқылы кез келген қазақстандық дауыс беру үдерісіне үлес қоса алады. https://award.ticketon.kz/  сілтемесі арқылы дауыс бере аласыздар.


2024 жылғы 6 наурыздағы аралық дауыс беру нәтижесі бойынша Ticketon Awards номинанттарына қазақстандық мәдениет, өнер және спорт саласындағы ең жарқын және дарынды тұлғаны таңдап, 136 981-ден астам адам дауыс берді.


Кеше ғана үміткерлер үшін 3 965 дауыс берілді. Дауыс беру 8 ақпаннан 10 наурызға дейін жалғасады. Аталымдардың жеңімпаздары биылғы жылдың 20 сәуірінде өтетін салтанатты рәсімде марапатталады.



«Жылдың симфониялық концерті» номинациясында Астанадағы «Ретро квартирник с Tarsi orchestra». Ол 6 жыл бойы «Ne prosto orchestra - «Ғажайып ғасыр» атты феноменальды шығармашылығымен қуантып келе жатқан Қазақстандағы тұңғыш тәуелсіз оркестрді басып озды. Аралық дауыс беру қорытындысы бойынша «Жылдың симфониялық концерті» номинациясында «Ретро квартирник с Tarsi orchestra» алда келе жатыр. 


 «Астана Опера» балетінің солисі Шұғыла Әдепхан қазіргі берілген дауыстардың жалпы саны бойынша көш бастап тұр. Ол сондай-ақ «Жыл балеринасы» номинациясында алда келе жатыр. Бойжеткен «Өрлеу» және «Би шыңы» байқауларының лауреаты.


«Жылдың үздік отандық фильмі» номинациясында аралық рейтингтің көшбасшысы – «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі.  Аралық дауыс беру қорытындысы бойынша «Жылдың шетелдік фильмі» аталымында «Оппенгеймер» драмасы көш бастап тұр.


«Жыл актері» номинациясында «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінде басты рөлді сомдаған Бақыт Қажыбаев алда келе жатыр. 41 жастағы актердің фильмографиясы бай, «Жастар» театрының танымал актері.



«Жыл актрисасы» аталымы бойынша аралық рейтингтің көшбасшысы Дариға Бадықова. Дариға - жарқын және есте қаларлық комедиялық актриса. Ол «Таптым-ау сені» комедиясында басты кейіпкерді сомдап қана қоймай, осы фильмнің продюсері де. Бұған дейін актриса осы номинация бойынша екі рет (2019 және 2022) Тикетон сыйлығын алған болатын. Дариға биыл да жеңістен үміті зор.


Әндері барлық жастағы тыңдармандарды қуантқан талантты әнші Садраддин «Қазақстандық жыл әртісі» номинациясының жеңімпазы болуы әбден мүмкін. Ол қазақстандық «Ирина Кайратовна» музыкалық тобын басып озды. «Ирина Кайратовнаның» клиптері басқа отандық бейне-музыкалық өнімдерден режиссерлік шешімдердің батылдығымен ерекшеленеді. Бұл тәсіл «Ирина Кайратовнаның» Қазақстандағы заманауи мәдениеттің көрнекті және танымал өкілі ретіндегі ұстанымын нығайтады.



Ticketon Awards марапатына 34 номинация және 7 категория бойынша 300-ден астам үміткер қатысады. Іс-шара 2023 жылға арналған әртүрлі жанрлардағы үздік шығармашылық жұмыстарды анықтауға, дарынды тұлғаларды тануға, әрі оларды ынталандыруға, сондай-ақ мәдени дәстүрімізді дамытуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Садраддин #Ticketon #Awards
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жол саласының құрылыс маусымына дайындығы пысықталды

Бүгін 10:06

Қазақстанның он қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 09:37

Жыл басынан бері 3,3 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Бүгін 09:07

Көктемгі әскерге шақыру: 21 мыңнан астам жас азамат армия қатарын толықтырады

Бүгін 08:53

Тұман, жел: 18 наурыздың ауа райы болжамы

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика