Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Сәбиді саудалаған топ құрықталды

Сәбиді саудалаған топ құрықталды

Заң мен тəртіп 27.11.2023, 06:45 960
Сәбиді саудалаған топ құрықталды
Сурет: ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов 27 қарашада ведомствода өткен брифингте Алматы облысы мен Шымкентте жаңа туған нәрестелерді саудаға шығару әрекеттері туралы айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Қанат Нұрмағамбетов Алматы облысында полицейлер жаңа туған нәрестені сатып алу-сату фактісін анықтағанын хабарлады.


"Тексеру барысында 24 жастағы облыс тұрғынының жүктілігі жеті айлық болғандықтан әлеуметтік желіде баласын сатамын деген хабарландыру жариялап, сол уақытта сатып алушыларды іздеп жүргені анықталды. Нәтижесінде ол баласы жоқ ерлі-зайыптылармен хабарласқан. Қазан айында тараптар арасында одан әрі асырап алу мақсатында жаңа туған нәрестені заңсыз беру орын алған. Аталмыш факті ҚР ҚК-де "Кәмелетке толмағандарды саудалау" бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді спикер.

Шымкентте жаңа туған нәрестені сатудың тағы бір дерегі тіркелді. Онда полицейлер 23 жастағы жас келіншектің баласына сатып алушыларды іздеп жүргенін анықтап, делдал арқылы 45 жастағы басқа облыстың тұрғынын тауып, кейін олармен ақылы мәміле жасауға келіскен.


"Факт ҚР ҚК 135-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бала балалар үйіне орналастырылды. Сондай-ақ күдіктінің бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалғаны анықталды. Және көптеген қарыздары бар, ол қазір қамауға алынды", - деді Қанат Нұрмағамбетов.




Жалпы, оның мәліметінше, жыл басынан бері полицейлер Қазақстанда осы санаттағы 124 қылмысты тіркеген. Оның 27-сі адам саудасы бойынша, оның ішінде 22-сі кәмелетке толмағандар.




Сондай-ақ адам ағзасын сатуға әрекеттенген төрт факт анықталды.



Полиция мыналарды ұсынады:



оңай ақшаның күмәнді ұсыныстарына сенбеңіз;


жеке басын куәландыратын құжаттарды ешкімге бермеңіз;


Басқа қалаға немесе елге саяхаттау кезінде контактілеріңіз бен мекенжайларыңызды отбасыңыз бен достарыңызға қалдырыңыз.



Бұл қарапайым кеңестер, полицейлердің пікірінше, қазақстандықтарға адам саудагерлерінен қорғануға көмектеседі.



2023 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкері Руслан Жақсылықов Астанада өткен адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі конференцияда қазақстандықтарды кейіннен қай елдерге жиі апаратынын айтып берді. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сәби #сауда #әлеумет #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар референдумға көршілерімен бірге келіп дауыс берді

Бүгін 15:20

Nomad Fighting ұйымының президенті Мұхамеджан Қонысбеков референдумда дауыс берді

Бүгін 15:19

15 наурыз – Қайырымдылық күні: алматылық ерікті Арсен Қабденов панасыз жануарларға көмектеседі

Бүгін 15:14

Бақылаушылар Алматыдағы референдум учаскелерінде дауыс беру рәсімінің ашық өтіп жатқанын айтты

Бүгін 15:05

Алматыдағы референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ – бақылаушылар

Бүгін 15:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика